2020 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын. 2. «2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2020 жылға мынадай: 1) кiрiстер - 11 906 910 617 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша - 5 560 089 549 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша - 976 507 201 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 2 512 099 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша - 5 367 801 768 мың теңге; 2) шығындар - 13 940 996 141 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 228 577 512 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер - 338 266 437 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу - 109 688 925 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 196 122 297 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу - 196 122 297 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - -2 458 785 333 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 3,5 проценті; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -7 776 582 201 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 11,1 проценті; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 458 785 333 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.»; 2-тармақ: мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 4-1), 9-1), 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|