<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МҰНАЙ ӨНIМДЕРIНIҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIН ӨНДIРУДI ЖӘНЕ ...

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы

(2019.03.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

4-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу

5-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

7-бап. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

8-бап. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті

9-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы өзге де уәкілетті органдардың құзыреті

10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

  • Показать изменения

11-бап. Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау

11-1-бап. Мұнай беруші

12-бап. Мұнай өнімдерін өндірушілердің міндеттері

13-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар

14-бап. Мұнай өнімдерінің бағаларын мемлекеттік реттеу

  • Показать изменения

15-бап. Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға арналған ағымдағы шот

16-бап. Мұнай өнімдерінің айналымын декларациялау және камералдық бақылаудың нәтижелері

17-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

18-бап. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуді және мұнай өнімдерін беруді мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

19-бап. Мұнай өнімдері айналымының шарттары

20-бап. Шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау шарттары

21-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу талаптары

22-бап. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу талаптары

23-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі

24-бап. Көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстары кезеңдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді және жылу беру кезеңінде жылумен жабдықтау ұйымдарын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз етуге байланысты мұнай өнiмдерiнің айналымын мемлекеттiк реттеудің ерекшеліктері

25-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

  • Показать изменения

26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

  • Показать изменения

Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн: бензинді, авиация және дизель отынын, мазутты өндіру және олардың айналымы үдерісiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) автожанармай құю станциясы - мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек сауда арқылы өткізуді қамтамасыз ететін, есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырылған технологиялық кешен және жабдық.

  • Показать изменения

Автожанармай құю станциялары мынадай түрлерге бөлінеді:

  • Показать изменения

тұрақты - жерасты немесе жерүсті ыдыстары бар, отын тарату бағандары арқылы көлік құралдарына мұнай өнімдерін құюға арналған түрі;

  • Показать изменения

контейнерлік - мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстары жер үстінде орналасқан, технологиялық жүйесі отын тарату бағандарының біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған мұнай өнімдерін сақтау контейнерінде орналасуымен сипатталатын түрі;

  • Показать изменения

жылжымалы - автомобиль шассиіне, тіркемеге, жартылай тіркемеге біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған ыдыс пен отын тарату бағандары орнатылған түрі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) дербес сәйкестендіру нөмір-коды - ілеспе жүкқұжатта және мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияда мұнай өнімдерінің түрін, маркасын көрсету үшін қажетті, мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын көтерме сауда арқылы берушілерге және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің әрбір атауына берілетін тұрақты сәйкестендіру нөмірі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

4) есепке алатын бақылау аспаптары - мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде және жанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген, мұнай өнімдерін өндірудің және (немесе) оның айналымының көлемдері туралы ақпараттың автоматтандырылған жүйесінің көмегімен мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін оператор арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізуге арналған мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын айқындайтын техникалық құрылғылар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5) инвестициялық бағдарлама - экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде мұнай өнімдерінің бағасына әсер ететін инвестициялық құрамдастар кіретін, жоспарланған техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында белгілі бір кезеңге мұнай өнімдерін өндірушілердің қазіргі өндірістік қуаттарын құруға, түгел жаңғыртуға және реконструкциялауға бағытталған қаражат салу және қайтару бағдарламасы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) компаундтеу - белгіленген сапада мұнай өнімін алу мақсатында екі немесе бірнеше құрауыштарды араластыру, оның ішінде қосындылар, қоспалар енгізу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

6-1) қайта өңдеу өнімдері - мұнай өнімдерін өндіруші (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушіні қоспағанда) кейіннен қайта өңдеуі үшін жарамды болатын шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу өнімдері;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

7) қанықпаған мұнай өнімі - нормативтік техникалық құжаттардың және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін мұнай өнімі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) қуаты аз мұнай өнімдерін өндіруші - жобалық қуаты жылына сегіз жүз мың тоннадан кем шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу көлемін көздейтін технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндіруші;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9) мұнай беруші - осы Заңда белгіленген шарттармен өздері өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, импортталған немесе жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін жеке немесе заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10) мұнай өнімдері - мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi: бензин, авиация және дизель отыны, мазут;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

11) мұнай өнімдерін беру жоспары - Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ай сайынғы қажетсіну көлемі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 11-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

11-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға мұнай өнімдерін сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер ұсыну болып табылатын заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу - мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатынсыз, өз мұқтаждары үшін жеке және заңды тұлғаларға өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

13) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуші - мұнай өнімдерін одан әрі бөлшек сауда арқылы өткізу мақсаттары үшін сатып алуды жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

14) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші - мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден және (немесе) импорттаушылардан одан әрі өткізу мақсаттары үшін мұнай өнімдерін сатып алуды жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

14-1) импорттаушы - Қазақстан Республикасының аумағына меншікті мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсаттары үшін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

15) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу - мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің, импорттаушылардың мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсаттары үшін өткізуі жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

16) мұнай өнімдерін өндіру - мұнай өнімдерін алуды қамтамасыз ететін, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ компаундтеу жөніндегі жұмыстар кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17) мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемі - мұнай өнімдерін өндіруші күнтізбелік жыл ішінде ай сайын одан кемітпей өндіруге міндетті мұнай өнімдерінің көлемі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі - мұнай өнімдеріне қажеттілікті, оларды өндіру, өткізу, тасымалдау үдерістерін, сондай-ақ бөлшек сауда және көтерме сауда бағаларының серпінін талдау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган - мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

20) мұнай өнімдерін өндіруші - меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

21) мұнай өнімдерінің айналымы - мұнай өнімдерін сатып алу, сақтау, көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізу, жөнелту, тасымалдау, олардың экспорты мен импорты;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

22) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган - мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

23) мұнай өнімдерінің базасы - мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдықты, резервуар паркін, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын ғимараттар мен құрылысжайлар кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

24) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқор - өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері негізінде қалыптастырылатын, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі электронды дерекқор;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

24-1) мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері - мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымының көлемдері туралы деректер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 24-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

24-2) мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы - уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін автоматтандырылған онлайн-беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 24-3) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

24-3) мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісі - технологиялық жабдықты, резервуар паркін, мұнай өнімдерін құю эстакадасын, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қабылдауға, мұнай өнімдерін өндіруге, сақтауға, ағызуға, құюға, айдауға, тасымалдауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен құрылыстар кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

25) өндіріс паспорты - мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын көрсететін, өндірістің технологиялық үдерісін сақтау үшін қолда бар жабдықтың пайдаланылуын регламенттейтін, белгіленген нысандағы құжат;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

26) резервуар - мұнай өнімдері базасындағы не мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісіндегі сақтауға арналған ыдыс;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

27) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның хабарламасы - мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері мұнай өнімдерін өндірушіге, мұнай берушіге, импорттаушыға, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушіге немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушіге мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қағаз түріндегі немесе электрондық түрде жіберген жазбаша хабар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

28) ілеспе жүкқұжат - мұнай өнімдерінің айналымын бақылауға арналған және мұнай өнімдерін босату және қабылдап алу жөніндегі операцияларды, сондай-ақ мұнай берушілерге мұнай өнімдерін беру жөніндегі операцияларды ресімдеу үшін қажетті, жөнелтушіден алушыға дейінгі бүкіл жол бойында мұнай өнімдерімен ілесе жүретін құжат;

2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

28) түпкі тұтынушы - мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатынсыз сатып алатын жеке және заңды тұлғалар.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-баптың тақырыбы өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қатынастарға қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Осы Заңның күші:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мұнай өнімдерін кәсіпкерлік қызмет мақсатынсыз өткізуі кезінде туындайтын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру шеңберінде туындайтын мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу

Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттерін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өнімдерін өндірушілерге шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын беру кестелерін бекіту;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) мұнай және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу және мұнай өнімдерін беру жоспарын бекіту;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) мұнай өнімдерін көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыру кезіндегі шарттар мен шектеулерді белгілеу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу және стандарттау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағасын белгілеу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) мұнай өнімдерін өндіруге және өткізуге мониторингті жүзеге асыру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын реттеу, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы мәселелерін реттеуге уәкілетті шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушылардың сапалы және қоршаған орта мен халық денсаулығы үшін қауіпсіз мұнай өнімдеріне сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің міндеттері:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) адамның өмірі мен денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау, оның ішінде мұнай өнімдерін заңсыз өндіруді және олардың айналымын болғызбайтын жағдайлар жасау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерінің сапасын арттыру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) мұнай өнімдерін өндірушілердің өңдеу қуаттарын жаңғыртуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың іске асырылуын ұйымдастырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) - 12) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

12-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай операторды айқындайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12-2), 12-3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12-4) 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 12-5) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

12-5) мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының операторын айқындайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12-6) 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) оны бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

2-1) мұнай өнімдерін өндірушілерге өндіріс паспортын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) көктемгі егіс пен жиын-терін жұмыстарын және жылу беру кезеңін ескере отырып, жыл сайын мұнай өнімдерін өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерін бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) мұнай өнімдерін өндіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

10) жыл сайын мұнай және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспарларын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

11) ай сайын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін беру жоспарларын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

12) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру кестелерін жер қойнауын пайдаланушыларға арнап бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

12-1) мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13) мұнай өнімдерінің экспортына және (немесе) импортына қатысты кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстар әзірлейді және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

14-1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы бойынша бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және жүргізу үшін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің түрлері бойынша және мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер (мұнай өнімдерінің өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы), импорттаушылар бойынша нақты тәулік сайынғы өндіру, өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы ақпаратты осы Заңның 8-бабының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен ұсынады;


Содержание
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы4-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу5-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті7-бап. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның құзыреті8-бап. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті9-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы өзге де уәкілетті органдардың құзыреті10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті11-бап. Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау11-1-бап. Мұнай беруші12-бап. Мұнай өнімдерін өндірушілердің міндеттері13-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар14-бап. Мұнай өнімдерінің бағаларын мемлекеттік реттеу15-бап. Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға арналған ағымдағы шот16-бап. Мұнай өнімдерінің айналымын декларациялау және камералдық бақылаудың нәтижелері17-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама18-бап. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуді және мұнай өнімдерін беруді мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері19-бап. Мұнай өнімдері айналымының шарттары20-бап. Шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау шарттары21-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу талаптары22-бап. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу талаптары23-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі24-бап. Көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстары кезеңдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді және жылу беру кезеңінде жылумен жабдықтау ұйымдарын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз етуге байланысты мұнай өнiмдерiнің айналымын мемлекеттiк реттеудің ерекшеліктері25-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі