Осы редакция 2015 жылғы 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 3-қосымша
Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары
1. Осы Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 7-8)-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Осы Қағидалар концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың мониторингі мен олардың іске асырылуын бағалау тәртібін айқындайды.
2. Концессия шарттарының мониторингін жүргізу тәртібі
3. Республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингі ақпарат жинау, концессия объектісін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану және қолдану және тиісінше жай-күйде сақтау бөлігінде жай-күйді талдау, бағалау және болжамдау жүйесін білдіреді. 4. Концессия шарттарының мониторингін: республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган; коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - жергілікті атқарушы органдардар жүзеге асырады. 5. Концессия шарттары мониторингінің міндеттері: 1) концессия объектілерін басқару тиімділігін талдау, сондай-ақ мемлекеттік мүліктің жай-күйін бағалау; 2) концессияға берілген мемлекеттік мүлікке залал келтіретін нысаналы емес пайдалану жағдайларының алдын алу, қажет болған жағдайда мемлекеттік мүлікті тиімді басқару бойынша ұсынымдар әзірлеу; 3) мониторинг объектісінің техникасы мен технологиясының жай-күйін және олардың даму перспективаларын сараптамалық бағалау; 4) мемлекеттің экономикалық өсуін, экономиканың ықтимал теріс факторларға осалдығы дәрежесін барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|