2021 - 2023 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 651 шешімі
(2021.07.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021.02.04. № 52 шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.07.07. № 83 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2021 - 2023 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 39 910 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 2 025 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 37 885 мың теңге;
2) шығындар - 40 921 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 0 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 011 мың теңге.
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021.02.04. № 52 шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.07.07. № 83 шешімімен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда