ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.30.01. № 53 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 433 бұйрығымен күші жойылды
«Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Кемелерді Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлікті және кемеге меншік құқығы туралы куәлікті беру, Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде кемені мемлекеттік қайта тіркеу - 10 (он) жұмыс күні ішінде; 2) кемені Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінен шығару - 2 (екі) жұмыс күні. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың толықтығы алынғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеріледі. Ұсынылған құжаттардың толық еместігін және (немесе) қолданылу мерзімінің өтіп кеткенін анықтау жағдайында көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді бұдан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша уәжделген жауапты береді. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|