Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде банктік салым кепілі шартын жасасу қағидаларын және банктік салым кепілі шартының үлгілік нысандарын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 57-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде банктік салым кепілі шартын жасасу қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепілі шартының үлгілік нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепілі шартының үлгілік нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепілі шартының үлгілік нысаны; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Тау-кен өндіру және (немесе) тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералды түзілімдерін орналастыру объектілерін орналастыру және (немесе) пайдалану мақсатында жүргізілген жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепілі шартының үлгілік нысаны; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Құрылыс бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепілі шартының үлгілік нысаны бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|