«Астана қаласында әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158-1286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 тамыздағы № 158-1535 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 cәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13369 болып тіркелген) Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Астана қаласында әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158-1286 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 934 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 тамыздғы № 94 (3299), 2015 жылғы 27 тамыздағы № 95 (3300) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 25 тамыздағы № 94 (3317), 2015 жылғы 27 тамыздағы № 95 (3318), 2015 жылғы 29 тамыздағы № 96 (3319) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген 3, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшалардың 1-тармағындағы «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» деген сөздер «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 1, 2, 4, 5, 12, 13-қосымшалары осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|