Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рәсімін автоматтандырудың кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2018 ж. 30 маусымға дейін қолданылған редакция
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің уақытша қағидалары (бұдан әрі - Уақытша қағидалар) бекітілсін. 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген құқықтық акт қолданысының аяқталу мерзімі 2018 жылғы 30 маусым болып айқындалсын. 3. Уақытша қағидалар нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рәсімін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар, Мәдениет және спорт министрліктеріне, Павлодар облысының әкімдіктеріне, мәслихаттарына және Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясына қолданылсын. 4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, ақпараттық жүйелер мен жабдықтарды техникалық сүйемелдеуді, сондай-ақ мемлекеттік органдарда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рәсімін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде электрондық құжаттардың сақталуын қамтамасыз етсін. 5. «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 313-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|