Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жоғары педагогикалық назар аударуды талап ететін білім алушыларды уақтылы анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығына қосымша
Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Әдістемелік ұсынымдар жоғары педагогикалық назар аударуды және оларға әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді талап ететін білім алушыларға қатысты орта білім беру ұйымдарының мектепішілік есебін жүргізуге арналған. 2. Әдістемелік ұсынымдар ұсынымдық сипатта болады. 3. Мектепішілік есепке алу (бұдан әрі - МЕ) келесі міндеттерді шешуге бағытталған: жоғары педагогикалық назар аударуды талап ететін балаларды уақтылы анықтауға; білім алушыны білім беру ортасының жағдайына бейімдеуге көмектесу, оқу мотивациясын арттыруға; ата-аналарға және өзге де заңды өкілдерге балаларды оқыту мен тәрбиелеуде көмек көрсетуге; кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуының, құқық бұзушылықтарының және қоғамға қарсы ic-әрекеттерінің алдын алуға; білім алушыларға, олардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге бағытталады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|