Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 59 Бұйрыққа 2-қосымша
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беруді ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беруді ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Кепілдік беру қағидалары) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына сәйкес әзірленді және «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беруді ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) осы Кепілдік беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы жүзеге асырылады. 4004. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|