«Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын және алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын және алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 сәуірде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары;»; 2) тармақша алынып тасталсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын және алу қағидаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|