Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы 2003 ж. 3 маусымдағы № 423-II Қазақстан Республикасының Заңы (2022.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар 3-1-бап. Қадағалап ден қою шаралары 4-бап. Уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретi 4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар 3-тарау. Қорды құру және оның қызметі 5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары 6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті 6-1-бап. Консультативтік комитет 8-бап. Қордың негізгі міндеттері және функциялары 9-бап. Сақтандыру ұйымдарының Қорға қатысу тәртібі және Қор акцияларын сатып алу шарттары 10-бап. Қатысу шартының міндетті талаптары 12-бап. Міндетті және төтенше жарналар, оларды төлеу тәртібі. 13-бап. Шартты міндеттемелерді қалыптастыру 14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау 5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары 15-бап. Сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі 16-бап. Алып тасталды 17-бап. Қор кепілдіктерінің тоқтатылуы 17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы 17-4-бап. Зиянды өтеу резервін құру 17-5-бап. Қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау 6-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі қатысушыларының құқықтары мен міндеттері 18-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері 19-бап. Қатысушы-сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттері 20-бап. Тарату комиссиясының құқықтары мен міндеттері 21-бап. Кредитордың құқықтары мен міндеттері 7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер 22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру 23-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік 24-бап. Алып тасталды
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен кiрiспе өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред . қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) агент-банк - Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым; 2) жәбірленуші - көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адам; 3) зиянды өтеу резерві - зиянды өтеу резерві - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры бастапқы біржолғы жарналар мен қосымша жарналар, сондай-ақ комиссиялық сыйақы шегеріле отырып, оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастыратын, осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшін ғана пайдаланылатын ақша сомасы; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) консультативтік комитет - сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының мүдделерін білдіретін алқалы консультативтік-кеңесші орган; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) кредитор - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік беретін, сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының міндетті сақтандыру шарты бойынша, таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша кепілдік төлем алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не сақтандыру шарты мен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде келтірілген зиянды жәбірленушіге (зиянның өтелуіне құқығы бар тұлғаға) өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге де тұлға; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) қосымша жарна - осы Заңға сәйкес зиянды өтеу резервін қалыптастыру үшін сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлейтін ақша сомасы; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) 6-1) қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы - уәкілетті орган өзіне қатысты сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы; 7) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы - өзіне қатысты соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген қатысушы-сақтандыру ұйымы; 8) меншікті капитал - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өзінің міндеттемелеріне және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервіне азайтылған активтері; 9) міндетті жарналар - қатысушы-сақтандыру ұйымы осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша төлейтін ақша сомасы; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) өтініш беруші - сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша лицензия алуға және (немесе) қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы, есептік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы; 11) сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлем - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) және (немесе) сақтандырылушының пайдасына төлейтін ақша сомасы; 12) сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша кепілдік төлем - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайларына орай Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен төлейтін ақша сомасы; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі - сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыруының міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді, сондай-ақ таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыруының аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді алуға байланысты сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған, осы Заңда көзделген ұйымдық-құқықтық шаралар кешені; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылар болып табылатын сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы; 16) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері - осы Заңда көзделген жағдайларда, өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушіге және осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдарға төленетін ақша сомасы; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры міндетті жарналар, комиссиялық сыйақыны шегере отырып, оларды инвестициялаудан алынған кірістер (залалдар), сондай-ақ ол мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалынан Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған және осы Заңның 12-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда пайдаланылатын ақша есебiнен қалыптастыратын ақша сомасы; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18) сақтандыру шарты - сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтанушы сақтандыру ұйымымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасасқан шарт; 19) таратылатын сақтандыру ұйымы - уәкілетті орган өзіне қатысты лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған қатысушы - сақтандыру ұйымы; 20) төтенше жарналар - осы Заңда көзделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қосымша төлейтін ақша сомасы; 21) үлгілік қатысу шарты (бұдан әрі - қатысу шарты) - осы Заңда белгіленген тәртіппен және талаптармен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен қатысушы-сақтандыру ұйымының арасында жасалған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты; 22) шартты міндеттемелер - қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры төтенше жарналарды төлеу үшін қалыптастыратын, қор алдындағы міндеттемелері.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Осы Заңның сақтандыру ұйымдарына белгіленетін талаптары, сондай-ақ осы Заңның кепілдік төлемдерді жүзеге асырудың негіздері мен тәртібін реттейтін ережелері «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандырудың кепілдік берілген түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының Қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының қызметiн мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі - Қор) қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады. 2. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен мазмұн 3-1-баппен толықтырылды; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 3-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1-бап жаңа редакцияда 3-1-бап. Қадағалап ден қою шаралары 1. Уәкілетті орган Қордың, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын, Қордың, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің Қордың қаржылық жағдайын нашарлатқан құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган Қорға, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген қадағалап ден қою шараларын қолдануға құқылы. 2. Уәкілетті орган анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында осы Заңның 4-1-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түрінде қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) Қордың тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды Қордың басшы қызметкерінің лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді мынадай негіздердің бірі бойынша кері қайтарып ала отырып бір мезгілде қолданады: 1) Қор активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау тәртібі мен мөлшерін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзу; 2) кепілдік төлемдерін, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеу, сондай-ақ жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу; 3) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұзуының өзіне белгілі болған фактілері туралы уәкілетті органды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) хабардар етпеу; 4) өз функцияларын жүзеге асыру процесінде алынған қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметі туралы мәліметтерді үшінші тұлғаларға (уәкілетті органды қоспағанда) жария ету немесе беру; 5) Қордың аудиторлық есепте көрсетілген кемшіліктерді Қор аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймауы; 6) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде қоятын талаптарын орындамау.
3-2-бап. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред . қара); 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-бап өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретi 1. Уәкiлеттi орган: 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) Қордың және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттейтiн, оның iшiнде кепiлдiк төлемдерiн жүзеге асыру тәртібі мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) талаптары барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары үшін стандартты болып табылатын қатысу шартын бекітеді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері және зиянды өтеу резерві есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілейді; 4) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) Қор акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру тәртібі мен талаптарын белгiлейдi; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) міндетті, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есепке алу тәртібін бекітеді; 7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қорға төлеуiне жататын, Қордың директорлар кеңесi белгiлеген қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбiр күнтiзбелiк жылға арналған мiндеттi және қосымша жарналарының ставкаларын, сондай-ақ шартты мiндеттемелерiн келiседi; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда 8) Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажет құжаттардың тізбесін белгілейді; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) Қорға, қатысушы-сақтандыру ұйымдарына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздерде қадағалап ден қою шараларын қолданады; 10) Қор жарғысына енгiзiлетiн өзгерiстердi және толықтыруларды келiседi; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) Қордың қызметін тексеруді жүргізеді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды 10-2) корпоративтік стратегияны, тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты, ішкі аудит жөніндегі саясатты, есепке алу саясатын, сондай-ақ енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келіседі; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды 10-3) Қордың комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 11) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың есептiлiгінің (қаржылық есептілігін қоспағанда) тізбесін, нысандарын, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзiмдерi мен тәртібін айқындайды. 2. Уәкiлеттi органның мынадай: 1) Қордың жарияланған акцияларының санын арттыру; 2) Қордың өзге де заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметiне Қорға тиесiлi барлық активтердiң он және одан да көп процентiн құрайтын сомадағы активтердiң бiр бөлiгiн немесе бiрнеше бөлiгiн беру арқылы қатысуы; 3) Қор мiндеттемелерiн оның өз капиталы мөлшерiнiң он және одан да көп процентiн құрайтын сомаға ұлғайту; 4) Қордың өзiнiң орналастырылған акцияларын сатып алуы және оларды сатып алу бағасы; 5) iрi мәмiлелердi және Қордың жасауға мүдделiлiгi бар мәмiлелердi жасасу мәселелерi бойынша акционерлердiң жалпы жиналысының және Қордың директорлар кеңесiнiң шешiмдерiне вето қою құқығы болады. 3. Акционерлердiң жалпы жиналысында және Қордың директорлар кеңесiнде қабылданатын шешiмдер осы баптың 2-тармағында вето құқығы белгiленген мәселелер бойынша уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен және мерзiмде уәкiлеттi органмен келiсуге жатады. 4. Қордың осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын сақтамауы осы мәмiлелердi жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар 1. Мыналар Қордың басшы қызметкерлері болып табылады: 1) Қордың басқару органының басшысы мен мүшелері; 2) Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелері; 2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі және (немесе) қаржылық қызметтерді көрсету және (немесе) реттеу және (немесе) бақылау мен қадағалау саласында және (немесе) қаржы ұйымдарына аудитті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек өтілі жоқ; 3) мінсіз іскерлік беделі жоқ адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы -заңды тұлғасының басшысы болып табылған адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады; |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар 2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының Қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау3-бап. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының қызметiн мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау3-1-бап. Қадағалап ден қою шаралары3-2-бап. Алып тасталды4-бап. Уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретi4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар 3-тарау. Қорды құру және оның қызметі5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті6-1-бап. Консультативтік комитет7-бап. Қор кепілдіктері8-бап. Қордың негізгі міндеттері және функциялары 4-тарау. Қорға қатысу тәртібі9-бап. Сақтандыру ұйымдарының Қорға қатысу тәртібі және Қор акцияларын сатып алу шарттары10-бап. Қатысу шартының міндетті талаптары11-бап. Қатысу шартын тоқтату12-бап. Міндетті және төтенше жарналар, оларды төлеу тәртібі.13-бап. Шартты міндеттемелерді қалыптастыру14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау 5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары15-бап. Сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі15-1-бап. Сақтандырудың кепілдік берілетін аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі16-бап.17-бап. Қор кепілдіктерінің тоқтатылуы 5-1-тарау. Қордың жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері17-1-бап. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді алу құқығы17-2-бап. Қордың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруы17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы17-4-бап. Зиянды өтеу резервін құру17-5-бап. Қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау 6-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі қатысушыларының құқықтары мен міндеттері18-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері19-бап. Қатысушы-сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттері20-бап. Тарату комиссиясының құқықтары мен міндеттері21-бап. Кредитордың құқықтары мен міндеттері 7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер |