«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 15) тармақшасына, «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарында: 1-тармақта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) шет тілі деңгейін айқындауға арналған аралық және қорытынды бақылау тестілеуін қоса алғанда, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша олардың тілдік курстардан өтуі қажет болған жағдайда – тілдік курстар;»; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) конкурс жеңімпазының банк картасын ашу, қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін қайта шығару және оған қызмет көрсету (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері);»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|