Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 30 маусымдағы № 142 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 190 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3328 болып тіркелген, 2015 жылдың 11 қыркүйегінде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақта: 1) және 3) тармақшалар алынып тасталынсын; 14) тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;»; мынадай мазмұндағы 19), 20) тармақшалармен толықтырылсын: «19) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті; 20) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті.»; көрсетілген қаулының 14-қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|