Осы редакция 2016 жылғы 16 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 338 қаулысына 8-қосымша
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-Басқарма) және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі-Бөлім) ұсынылады. Құжаттарды қабылдау бөліммен, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру басқармамен жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияны аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері: 1) бөлім 20 мамырға дейін субсидиялар алуға құжаттар қабылдау мерзімін көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны, ведомоствоаралық комиссияның (бұдан әрі Комиссия) жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды аудан әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|