Сот тәжiрибесiнде жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысы (2008.22.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 15.05.98 ж. № 5 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда ; ҚР Жоғарғы сотының 18.06.04 ж. № 10 нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді
ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 4 нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «ҚР» деген сөздер алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы сотының 18.06.04 ж. № 10 нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, шындыққа жанаспайтын мәліметтердің таралуына жол бермеуге бағытталған заңмен көзделген әдістер жеке мүліктік емес құқықтар мен игіліктерді қорғаудың әсерлі құралы болып табылады. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдардың біркелкі қолданылуы мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Азаматтардың және ұйымдардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтерді тарату деп мына жағдайлар танылады: баспа жүзінде жарияланған, радиомен, теледидардан, жалпы басқа да бұқаралық құралдарды пайдалану арқылы хабарланған, қызметтік, партиялық және басқа да мінездемелерде, арыздарда, әртүрлі ұйымдарға жолданған хаттарда көрсетілген, көпшілік алдында сөйлеу кезінде, лауазымды адамдарға, немесе басқада, оның ішінде бір немесе бірнеше адамға ауызша айтылған мәліметтер. Жеке адам туралы ондай мәлімет тек сол адамның өзіне ғана айтылса, ондай әрекеттерді кір келтіретін мәліметтерді тарату деп есептеуге болмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|