Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидаларын бекіту туралы (2018.29.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 101-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/908 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану
1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 101-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн регламенттейдi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|