Выступление Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева на совместном заседании палат Парламента
Аса қадірлі Елбасы! Құрметті Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері! Қымбатты отандастар!
Кеше, 19 наурызда, бүкіл әлем жұртшылығы аса маңызды тарихи оқиғаға куә болды. Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған Ұлы тұлға, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатты. Елбасының бұл маңызды шешімі оның жаһандық деңгейде және тарихи ауқымда танылған саяси қайраткер ретіндегі ұлылығын көрсетті. Это решение продиктовано соображениями высшего порядка, истинной заботой о будущем нашего государства. Біз барлық жетістіктерімізге, ең алдымен, Қазақстан Республикасының қастерлі Тәуелсіздігіне Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Елбасы Кеңес Одағы күйреген тұстағы аса күрделі геосаяси жағдайда жаңа мемлекеттің негізін қалап, оның көшін бастады. Көптеген теріс болжамдарға қарамастан, Нұрсұлтан Әбішұлы елімізді барша әлемге мойындата білді. Дүние жүзі картасында даму мен демократияның, бейбітшілік пен келісімнің шынайы символына айналған мемлекет пайда болды. Елбасымыз Қазақстан тарихында тұңғыш рет жаңа мемлекеттік институттарды қалыптастырды. Олардың қатарында Президенттік институт, қос палаталы Парламент, мемлекеттік қызмет, қарулы күштер, дипломатиялық қызмет, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары бар. 1995 жылы Ата заңымыз қабылданды. Конституцияға енгізілген мазмұнды өзгертулер бас құжатымызға, шын мәнінде, демократиялық сипат берді. Елбасының басшылығымен Қазақстанда экономиканы жаңғыртуға бағытталған реформалар жоспарлы түрде жүзеге асырылды. Сонымен қатар, мемлекеттің саяси жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Құрылымдық реформалар мемлекет дамуының басты қозғаушы күшіне айналды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|