|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларын бекіту туралы (2022.17.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2022.17.08. № 567 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2022.17.08. № 567 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2022.17.08. № 567 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2022.17.08. № 567 Қаулысымен нұсқаулық жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 Қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 26-бабына сәйкес құрылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың (бұдан әрі - консультативтік-кеңесші органдар) құрылуы, қызметі және таратылуы тәртібін айқындайды. Консультативтік-кеңесші органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі - Үкімет) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау мақсатында құрылады. 2. Осы Қағидалар мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесіндегі консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі немесе таратылуы тәртібіне қолданылмайды. 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жұмыс органы - консультативтік-кеңесші органның қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2) жұмыс тобы - нақты мәселе бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау үшін құрылған уақытша (6 айдан аспайтын кезеңге) жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган; 3) жұмыс тобының жетекшісі - жұмыс тобының қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жұмыс тобының мүшесі; 4) комиссия, кеңес - өздері туралы ережелерде айқындалған мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау мақсатында құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органдар; 5) консультативтік-кеңесші орган - мәселелерді ұжымдық талқылау, пікір алмасу, ортақ шешім тұжырымдау арқылы бірлесіп пысықтау үшін құрылатын комиссия, кеңес немесе жұмыс тобы; 6) консультативтік-кеңесші органдардың тізілімі - құрылған және таратылған консультативтік-кеңесші органдарды есепке алу жүзеге асырылатын консультативтік-кеңесші органдардың тізбесі; 7) төраға - консультативтік-кеңесші органның қызметіне басшылықты жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші органның мүшесі; 8) төрағаның орынбасары - консультативтік-кеңесші органның мүшесі, ол төраға болмаған кезеңде консультативтік-кеңесші орган төрағасының міндетін жүзеге асырады; 9) хатшы - консультативтік-кеңесші органның мүшесі болып табылмайтын, консультативтік-кеңесші органның қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын лауазымды адам. 4. Консультативтік-кеңесші органдарды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер-Министр), оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы (бұдан әрі - Кеңсе Басшысы) және Үкіметтің басқа да мүшелері басқарады.
2-тарау. Консультативтік-кеңесші органның құрылу тәртібі
5. Консультативтік-кеңесші орган Премьер-Министрдің өкімімен (бұдан әрі - өкім) құрылады. 6. Консультативтік-кеңесші органды құру үшін: 1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісі; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі - Президент) немесе Премьер-Министрдің тапсырмасы; 3) мемлекеттік органның (бұдан әрі - бастамашы) бастамасы негіз болып табылады. 7. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде құзыретіне құрылатын консультативтік-кеңесші органның мәселелері кіретін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде (бұдан әрі - Үкімет регламенті) көзделген тәртіппен Президенттің немесе Премьер-Министрдің тапсырмасымен айқындалған мемлекеттік орган тиісті өкім жобасын әзірлеуді, ведомствоаралық келісуді және Үкіметке енгізуді қамтамасыз етеді. 8. Бастамашының бастамасы бойынша консультативтік-кеңесші органды құру дәлелді негіздемелер және бірдей (ұқсас) нысаналы бағыттағы консультативтік-кеңесші органның жоқтығы туралы тұжырымдар қоса беріліп, мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған консультативтік-кеңесші органды құру қажеттігі туралы ұсынысты Премьер-Министрдің атына енгізу арқылы жүзеге асырылады. Премьер-Министрдің тапсырмасы түрінде қабылданған шешім бастамашының атына жіберіледі. 9. Премьер-Министрдің атына консультативтік-кеңесші органды құру туралы ұсыныспен Премьер-Министрдің орынбасарлары немесе Кеңсе Басшысы өтініш жасай алады. 10. Өкім жобасында құрылатын консультативтік-кеңесші органның мақсаты, жұмыс органы, ережесі, құрамы айқындалады. Консультативтік-кеңесші органның ережесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгілік ережеге сәйкес ресімделеді. Жұмыс топтары бойынша ереже мен жұмыс органы белгіленбейді. Құрам лауазымдық (лауазымы көрсетіліп) және (немесе) дербес (Т.А.Ә. (бар болса) және атқаратын лауазымы/атағы көрсетіліп) өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады. Консультативтік-кеңесші органды құру кезінде кандидаттың немесе өкілдерін құрылатын консультативтік-кеңесші органға енгізу жоспарланып отырған мемлекеттік органдар мен ұйымдар келісімінің болуы міндетті. Мына: 1) мемлекеттік органдардың бірінші басшылары - Премьер-Министр; 2) мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарларынан, мемлекеттік органдар аппараттарының басшыларынан төмен емес - Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы; 3) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес - Үкімет мүшелері төрағалық ететін консультативтік-кеңесші органдардың құрамына міндетті түрде алмастыру құқығынсыз енгізіледі. Құрылатын консультативтік-кеңесші органға жүктелетін мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып, оның құрамына Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы енгізіледі. 11. Мақсаттары жұмыс істеп тұрған консультативтік-кеңесші органның мақсаттарына сәйкес келетін немесе соларға ұқсас консультативтік-кеңесші органды құруға тыйым салынады.
3-тарау. Консультативтік-кеңесші орган қызметінің тәртібі
12. Консультативтік-кеңесші органның отырыстарын өткізу мерзімділігі оның ережесінде айқындалады немесе оны жұмыс тобының жетекшісі айқындайды. 13. Жоспарлы жұмысты қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін консультативтік-кеңесші органның шешімімен жұмыс органы қалыптастыратын алдағы жылға арналған жұмыс жоспары бекітіледі. Хатшы жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. 14. Консультативтік-кеңесші органның жұмысы мәселелерді алқалы талқылауға және ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдауға негізделеді. 15. Консультативтік-кеңесші органның отырыстарын ұйымдастыру мынадай дәйекті іс-қимылдардан тұрады: 1) отырыс өткізу жоспарланған күнге дейін 3 (үш) жұмыс күні қалғанда хатшы немесе жұмыс органы консультативтік-кеңесші органның мүшелеріне шақыруды, күн тәртібін және қажетті материалдарды ресми телефонограмма жібермей, электрондық күнтізбенің көмегімен цифрлық форматта жібереді. Телефонограмма ерекше жағдайларда (цифрлық форматта шақыруға техникалық мүмкіндік болмаған кезде) пайдаланылады. Күн тәртібіне мәселелер консультативтік-кеңесші органның алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес енгізіледі; 2) консультативтік-кеңесші органның мүшелері 1 (бір) жұмыс күні ішінде өзінің алдағы отырысқа қатысатынын немесе қатыспайтынын (себептерін көрсете отырып) растайды; 3) алдағы отырыстың кворумы айқындалады. Егер отырысқа консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды деп есептеледі. Кворум болмаса, отырыс 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ауыстырылады. 16. Отырыс басым тәртіппен бейнеконференцбайланыс және қолжетімді онлайн-сервистер пайдаланыла отырып өткізіледі. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын мәселелер қаралған жағдайда, сондай-ақ техникалық мүмкіндік болмаған кезде отырыс бетпе-бет форматта өткізіледі. Бұл ретте консультативтік-кеңесші органның мүшелері отырысқа өздерінің жеке қатысуын қамтамасыз етеді. Аралас режимде бейнеконференцбайланысты және қолжетімді онлайн-сервистер бір мезгілде пайдаланылатын бетпе-бет формат пайдаланылады. 17. Отырысқа қатысып отырған консультативтік-кеңесші органның мүшелерін есепке алуды хатшы жүзеге асырады. 18. Отырысты төраға (жұмыс тобының жетекшісі), ол болмаған жағдайда - төрағаның орынбасары басқарады. Төраға (жұмыс тобының жетекшісі) отырысты өткізу регламентін (сөз сөйлеу мен баяндамалардың ұзақтығы, баяндамашылардың сөз сөйлеу тәртібі) айқындайды. Консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің әрқайсысы күн тәртібінің мәселелері бойынша өз ұстанымын білдіруге құқылы. 19. Консультативтік-кеңесші органның шешімдері ашық немесе жабық дауыс беру арқылы қабылданады және, егер оларға отырысқа қатысқан консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Консультативтік-кеңесші органның мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның (жұмыс тобы жетекшісінің) дауысы шешуші болып табылады. Хатшының дауыс беру құқығы жоқ. 20. Дауыс беру ашық немесе жабық режимде жүзеге асырылады. Жабық дауыс беру кезінде консультативтік-кеңесші орган мүшесінің ерік білдіруінің анонимдігі қамтамасыз етіледі. 21. Дауыс беру отырыста осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделетін дауыс беру парағын толтыру (тиісті жолдардағы қолтаңбасы) арқылы өткізіледі. Бір мезгілде өзара қайшы келетін бірнеше шешімді таңдауға, сондай-ақ дауыс беру парағын толтырмауға жол берілмейді. Мұндай жағдайда консультативтік-кеңесші орган мүшесінің дауысы жарамсыз деп танылады, ол туралы төраға мен хатшы қол қоятын еркін нысандағы акт жасалады, ол дауыс беру парағына қоса беріледі. Ерекше пікірі болған жағдайда консультативтік-кеңесші органның мүшесі дауыс беру парағының тиісті жолағын толтырады не көлемі үлкен болған кезде дауыс беру парағына қоса берілетін жеке парақта баяндайды. Отырыс қашықтан немесе аралас режимде өткізілген кезде консультативтік-кеңесші органның мүшелері дауыс беру парақтарын толтырады, олар 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылып, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы немесе техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда - қызметтік электрондық пошта арқылы хатшыға жіберіледі. 22. Дауыстарды санау негізінде хатшы 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттама жобасын қалыптастырады және келіседі (қажет болған кезде), оған дауыс беру нәтижелерін (қолдау тапты/қолдау таппады), консультативтік-кеңесші органның әрбір мүшесінің ерекше пікірін (бар болса), сондай-ақ хаттамаға қол қою мүмкіндігі туралы қорытындыны көрсететін анықтаманы қоса береді. Хатшы дауыстарды санаудың және хаттама жобасын қалыптастырудың дұрыстығы үшін дербес жауаптылықта болады. 23. Күн тәртібінің мәселелері бойынша отырыста бірауыздан шешім қабылдау кейіннен дайындалған хаттаманы консультативтік-кеңесші органның қатысқан мүшелерімен келісу қажеттігін жоққа шығарады. 24. Төраға (жұмыс тобының жетекшісі) 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттамаға қол қояды, оны хатшы тіркейді және консультативтік-кеңесші органның мүшелеріне жібереді. Хаттамадан үзінділер хаттамада ұсынымдар берілетін мүдделі тұлғаларға жіберіледі. Консультативтік-кеңесші орган отырысының хаттамасында көрсетілген шешімдер ұсынымдық сипатта болады. 25. Хаттамалар мен олардың материалдарын сақтауды архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілеген сақтау мерзімдерін ескере отырып, жұмыс органы немесе хатшы (жұмыс тобы) жүзеге асырады.
4-тарау. Консультативтік-кеңесші органның таратылуы
26. Консультативтік-кеңесші орган Премьер-Министрдің өкімімен таратылады. 27. Консультативтік-кеңесші органды тарату үшін негіздер: 1) жүктелген мақсаттардың орындалуы; 2) Президенттің немесе Премьер-Министрдің тапсырмасы болып табылады. 28. Осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде жұмыс органы немесе хатшы Премьер-Министр өкімінің жобасын әзірлейді. 29. Хатшы қол қойған анықтама-есеп қоса берілетін Премьер-Министр өкімінің жобасы Үкімет регламентінде белгіленген тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі және кейіннен Премьер-Министрдің қол қоюына енгізу үшін Кеңсеге енгізіледі. Анықтама-есепте жүргізілген жұмыстың нәтижелері, консультативтік-кеңесші органды тарату негіздері көрсетіледі.
5-тарау. Консультативтік-кеңесші органдар қызметінің жариялылығы
30. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескере отырып, жұмыс органы консультативтік-кеңесші органның қызметі туралы ақпаратты мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді. 31. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, консультативтік-кеңесші органның қызметіне байланысты ақпаратты шектеуге жол берілмейді.
6-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың есепке алынуы
32. Кеңсе құрылатын және таратылатын консультативтік-кеңесші органдарды есепке алуды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша консультативтік-кеңесші органдардың тізілімін (бұдан әрі - тізілім) жүргізу арқылы жүзеге асырады. Тізілімді жүргізу анық емес деректерді енгізуге, ауыстыруға, алып қоюға және өзге де заңсыз іс-әрекеттерге жол бермейтін заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Тізілім Премьер-Министрдің ресми интернет-ресурсында орналастырылады және консультативтік-кеңесші орган құрылған немесе таратылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзектілендіріледі. 33. Кеңсе жаңа консультативтік-кеңесші органды құрудың орындылығына талдау жүргізген кезде міндетті түрде тізілім деректері ескеріледі. _____________________
Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы 1-қосымша
Консультативтік-кеңесші орган туралы үлгілік ереже
1. ___________________________________________________________________________ (консультативтік-кеңесші органның атауы) (бұдан әрі - комиссия/кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Консультативтік-кеңесші орган қызметінің мақсаттары _____________________________________________________________ болып табылады. (қызмет мақсаттарының қысқаша сипаттамасы) 3. ___________________________________________________________________________ (консультативтік-кеңесші органның атауы) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Комиссияның/кеңестің жұмыс органы ______________________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) 5. Комиссия/кеңес отырыстары __________________________________________ өткізіледі. (отырыстарды өткізу мерзімділігі көрсетіледі)
2-тарау. Комиссияның/кеңестің міндеттері
6. Қойылған мақсаттар шеңберінде комиссияға/кеңеске мынадай міндеттер жүктеледі: 1) __________________________________; 2) __________________________________; 3) __________________________________.
3-тарау. Комиссия/кеңес қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі
7. Комиссия/кеңес қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. _____________________
Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы 2-қосымша
Нысан
Консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің дауыс беру парағы _________________________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы __________________________________________ отырыс №________ күні: ________
____________________ қолы Ескертпе: консультативтік-кеңесші органның отырысында тікелей толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін хатшыға беріледі. _____________________
Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы 3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың тізілімі
_____________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |