Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығы (2017.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.25.07. № 468 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.25.07. № 468 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми дәрежелерді беру қағидалары бекітілсін. 2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.25.07. № 468 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына 1-қосымша
Ғылыми дәрежелерді беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ғылыми дәрежелерді беру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - «Ғылым туралы» Заң) 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|