Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы (2017.05.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Мыналардың: 1) «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 (2009 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5862 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 20 наурызда № 1 жарияланған) бұйрығының; 2) «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 860 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7356 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2014 жылғы 6 тамызда № 151 (27772) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|