Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы (2018.29.10. берілген өзгерістермен)
«Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10305 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған) және «Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 16 шілдедегі № 396 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Әділет министрінің 2018.29.10. № 1508 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|