«Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 111-1820 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қазандағы № 502-2499 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 111-1820 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 864 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 146 (3203) «Астана ақшамы» және 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 145 (3221) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1 тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын: «1) «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру»; 2) «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру»; 3) «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру»; 4) «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету». жоғарыда көрсетілген қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|