Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 санында (27888) жарияланған): 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Астана, Алматы, Шымкент қалалары және облыстар ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары: 1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін, сондай-ақ Қағидаларда көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етсін; 2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын; 3) аудандардың (қалалардың) әкімшілік полициясы тіркеу-емтихан бөліністерінің қызметкерлерін тағайындау олар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді зерделеу бойынша ІІД ӘПБ-де он жұмыс күні ішінде тағылымдамадан өткеннен кейін жүзеге асырылады. ІІД Әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан бөлінісінің бөлім (бөлімше) бастығы лауазымына тағайындалғаннан кейін тағылымдаман өту ІІМ Әкімшілік полиция комитетінде бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында: 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|