ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күшін жойылды деп тану туралы
ҚР Президентінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 29 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 18-19, 93-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «1. Бағдарлама паспорты» деген бөлімде: «Бағдарламаның мақсаты» мынадай редакцияда жазылсын: «Бағдарламаның мақсаты Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін хаб қағидатымен тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін интеграциялау арқылы бірыңғай экономикалық нарықты қалыптастыру, көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне интеграциялау, транзит әлеуетін іске асыру»; «Міндеттерде»: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстанның заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ оның халықаралық көлік жүйесіне интеграциялануын қамтамасыз ету»; 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «11) «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай бағдарламасының жобаларын инфрақұрлыммен қамтамасыз ету;»; «Нысаналы индикаторлар» мынадай редакцияда жазылсын: «Нысаналы индикаторлар мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|