Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативті, сондай-ақ оның орындалуы туралы есептіліктің нысанын, табыс ету мерзімін белгілеу туралы (2019.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылд
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Ұлттық пошта операторына арналған пруденциялық норматив - меншікті қаражат жеткіліктілігі. Меншікті қаражат жеткіліктілігі Ұлттық пошта операторының меншікті капиталының оның активтері сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Меншікті қаражат жеткіліктілігінің ең төменгі мәні кем дегенде 0,12 құрайды; 2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтің орындалуы туралы есептіліктің нысаны (бұдан әрі - есеп) белгіленсін. 2. Ұлттық пошта операторының меншікті капиталы мыналардың: материалдық емес активтердің; өткен жылдардағы шығындардың; ағымдағы жылғы шығыстардың ағымдағы жылғы кірістерден асып түсуі; басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу сомалары шегерілген төленген жарғылық капиталдың (ақшалай төленген сомалар шегінде); қосымша капиталдың; өткен жылдардағы бөлінбеген таза кірістің (оның ішінде бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптастырылған қорлар, резервтер); ағымдағы жылғы кірістердің ағымдағы жылғы шығыстардан асып түсуі сомасы ретінде есептеледі. Ұлттық пошта операторы есепті айдың соңына өтімділігі жоғары активтер мөлшерінің талап етілгенге дейінгі міндеттемелердің көлеміне қатынасы ретінде есептелетін өтімділікке қойылатын талапты сақтайды. Ұлттық пошта операторының өтімділігіне қойылатын талап кем дегенде 0,3 құрайды. 3. Өтімділігі жоғары активтердің есебіне мыналар: 1) ақша, оның ішінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|