Осы редакция 2022 жылғы 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.28.04. № 103 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.30.01. № 33 бұйрығымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.31.05. № 205 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 61 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына 4-қосымша
Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары (2021.06.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес әзiрлендi және мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) - әлеуметтік-еңбек саласының мүгедектерге санаторий-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, арнайы жүріп-тұру құралдарын, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін сатып алу мүмкіндігін беретін бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі; 2) арнаулы жүріп-тұру құралдары - мүгедектердің белсенді және баяу жүріп-тұруына арналған техникалық көмек түрі (бұдан әрі - кресло-арбалар); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|