Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы (2024.04.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі: 1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастар дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне; 2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне; 3) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне; 4) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне; 5) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне; 6) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне; 7) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне; 8) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|