«Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 391 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 қаулысымен бекітілген
Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары
1. Осы Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроонеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг Заңның 19-2-бабына сәйкес мыналарға: 1) азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|