|
|
|
Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы
Осы редакция 2021 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мен, Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Алиев Батырбек Төлеубекұлы, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 38, 104-баптарының 2-тармағының 3) тармақшасына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» № 36 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы «Ashyq» жобасын енгізу туралы» № 37 Қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің (бұдан әрі - ҚР БМСД Қаулысы) 2021 жылғы 02 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» № 38 Қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» № 42 Қаулысына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Павлодар облысының Әкімдігі, облыстың қалалары мен аудандары әкімдері, Павлодар облысының полиция Департаменті, Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық Басқармасы, Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы, кәсіпкерлік субъектілері, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар, Павлодар облысындағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін ҚР БМСД № 38 Қаулысының 1 тармағы 3 тармақшасына сәйкес инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік жедел штабта мынадай шешім қабылданды: 1) Өнеркәсіптік кәсіпорындардың COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді. Бұл ретте, ұйымдардың егілмеген қызметкерлері үшін (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) міндетті ПТР-тестілеуді (7 күнде 1 рет) көздеу. 2. Павлодар облысының Әкімдігі, облыстың қалалары мен аудандары әкімдері, Павлодар облысының полиция Департаменті, Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық Басқармасы, Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары, кәсіпкерлік субъектілері, заңды тұлғалар қамтамасыз етсін: 1) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметі, ҚР БМСД № 37 сәйкес, ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отырып. 3. Павлодар облысының Әкімдігі, облыстың қалалары мен аудандары әкімдері, Павлодар облысының білім беру Басқармасы, Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық Басқармасы, Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, заңды және жеке тұлғалардың басшылары қамтамасыз етсін: 1) жабық ғимараттарда және ашық орындарда көріністі, отбасылық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) іс-шараларын және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге (митингілер, шерулер, көрмелер, конференциялар, көрсетілімдер т.б.) өткізуге, сондай-ақ жеке үй-жайлар мен құрылымдарды бұқаралық корпоративтік шараларды өткізу үшін жалға алуға тыйым салынсын»; 2) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, қорқор бөлмелері, букмекерлік кеңселер, бильярд залдары, ойын клубтары, түнгі клубтар, компьютерлік клубтар, боулинг орталықтары және т.б.) қызметіне тыйым салынсын; 3) облысаралық, облысішілік, қалааралық (Павлодар - Ақсу, Павлодар - Кемеңгер, Павлодар - Заңғар бағыттарын қоспағанда), ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалы, облысаралық, қалааралық тұрақты емес «туристік» тасымалы тоқтатыла тұрсын; 4) балалар ойын-сауық орталықтарының қызметіне тыйым салынсын (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар); 5) мәдениет объектілерінің қызметіне тыйым салынсын (дайындықтар); 6) театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының қызметіне тыйым салынсын; 7) көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізуге тыйым салу; 8) еске алуларды (жабдықтар) өткізуге тыйым салынсын; 9) мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша келушілерге қызмет көрсетуді қоспағанда, банкет залдарының қызметіне тыйым салынсын; 10) кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимінде өткізуге тыйым салынсын; 11) толымдылығын 30% дан асырмай, балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне рұқсат берілсін; 12) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отырып кітапхана, музейлердің қызметіне рұқсат берілсін; 13) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отыра, ашық ауадағы аттракциондардың қызмет етуіне рұқсат берілсін; 14) ҚР БМСД № 36 Қаулысының талаптарын орындай отыра, 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытылсын; 15) ҚР БМСД № 36 Қаулысының талаптарын сақтай отырып мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне рұқсат берілсін; 16) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отыра және жабық ғимараттарда ұжымдық іс-шаралар өткізбей, бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) жекелей қызметіне рұқсат берілсін. Ұжымдық діни іс-шараларды (соның ішінде «жұма намазы», күнделікті православтық дұғалары және басқалары) мешіттердің, православие шіркеулерінің және басқа да діни объектілер аумағында өткізу ашық ауада, бетперде режимі мен бір адамға 4 метр әлеуметтік арақашықтықты есепке ала отырып жүргізіледі»; 17) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отыра, жұмыс уақытын шектемей гүлдер дүкендерінің қызметіне рұқсат берілсін; 18) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отыра, сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра, бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, жұмыс уақытын сағат 18:00-ге дейін белгілей отыра сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне рұқсат берілсін; 19) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра, толымдылығы бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, жұмыс уақытын сағат 17:00-ге дейін белгілей отыра азық-түлікке жатпайтын және азық-түлік тауарларын өткізетін жабық базарлардың қызметіне рұқсат берілсін; 20) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығы бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, азық-түлікке жатпайтын және азық-түлік тауарларын өткізетін базарлардың (ғимараттан тыс) қызметіне жұмыс уақытын шектемей рұқсат берілсін; 21) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығы бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, жұмыс уақытын шектемей супермаркеттердің, гипермаркеттердің қызметіне рұқсат берілсін; 22) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығы бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда азық-түлік дүкендерінің қызметіне рұқсат берілсін; 23) бір келушіге кемінде шаршы метр сақталған жағдайда, жұмыс күндері жұмыс уақытын шектемей, ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра, азық-түлік емес тауарларды өткізу дүкендердің қызметіне рұқсат берілсін; 24) қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне сағат 9:00-ден 20.00-ге дейінгі жұмыс тәртібімен жеткізу/алып кету режимін шектемей, ғимарат ішіндегі жалпы отырғызу орнын 30 дан асырмай, толымдылығын 50% дан және жазғы алаңдарда отырғызу орнын 30 дан асырмай, әлеуметтік арақашықтықтың, үстелдердің көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр арақашықтықта орналастырылуын және бір үстел алдында 4-6-дан аспайтын адамдардың отырғызылуын сақтап, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізбей, ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жабылып, келушілердің нысанда болуына тыйым салумен асхана типтес жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне сағат 9.00 ден 20:00-ге дейінгі жұмыс тәртібімен рұқсат берілсін. Сенбі және жексенбі күндері қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы тоқтатыла тұрсын; 25) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, жұмыс уақытын шектемей, стрит-фудтар (жеке тұрған палатка/дүңгіршек/отырғызу орындары жоқ киоскі) қызметіне рұқсат берілсін; 26) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, жұмыс уақытын 20.00 ге дейін шектей отыра, 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр қамтамасыз етілген жағдайда (алдын ала жазылумен) сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметологиялық қызметтерді ұсынатын нысандардың жұмысына рұқсат берілсін; 27) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру) рұқсат берілсін; 28) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда, спортшылар мен жаттықтырушылар құрамының (18 ден асқан) COVID-19 ға қарсы вакцинациясының толық курсын алғандығы туралы құжаттық дәлелдемелерін ұсынған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат берілсін; 29) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, бір келушіге кемінде 5 шаршы метрді қамтамасыз еткен жағдайда, топтық жаттығулар өткізуге жұмыс күндері сағат 20.00 дейін уақытын шектей отыра, сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра спорт кешендері мен басқа да спорт нысандарының, соның ішінде фитнес, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат берілсін; 30) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, жарыстарды көрермендердің қатысуынсыз (бос трибуналарда) өткізу; 31) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра бір адамға су айнасының 5 шаршы метр есебінен жеке форматта, жұмыс күндері жұмысын сағат 20.00 дейін шектей отыра сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра бассейндердің қызметіне рұқсат берілсін; 32) жұмыс уақытын сағат 8:00 ден 24:00-ге дейін шектеумен, ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра моншалардың қызметіне рұқсат берілсін; 33) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, жұмыс күндері жұмыс уақытын сағат 8:00 ден 20:00-ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра СПА-орталықтардың қызметіне рұқсат берілсін; 34) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, жұмыс күндері жұмыс уақытын сағат 8:00 ден 20:00-ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра сауналардың қызметіне рұқсат берілсін; 35) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра бір адамға мұз айнасының 5 шаршы метр есебінен жеке форматта, жұмыс күндері жұмысын сағат 08.00 ден 20.00 дейін шектей отыра сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра жабық мұз айдындарының қызметіне рұқсат берілсін; 36) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, медициналық орталықтардың, стоматологиялардың және т.б. жұмысына (алдын ала жазумен) рұқсат етілсін; 37) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, дәріханалардың, оптика дүкендерінің қызметіне рұқсат берілсін; 38) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, жиналуы мен ұзақ тығыз байланысты тудырмайтын, халыққа байланыссыз қызмет көрсететін нысандардың (баспахана қызметтерін ұсынатын нысандар, тұрмыстық техниканы жөндеу; телешеберханалар; автосалондар; автожуу; шиножөндеу; автомобильдер жөндеу; зергерлік шеберханалар; аяқ-киім шеберханалары; тігін ательесі; аяқ-киімді, киімді жөндеу жөніндегі сервис, картридждерді толтыру және басқа нысандар) жұмыс уақытын шектемей жұмыс істеуіне рұқсат берілсін; 39) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, бизнес-орталықтарының және сол жерде орналасқан адвокат, нотариус, бухгалтер мен консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, туроператорлар, азық-түлік емес тауарларды, заттарды және т.б. сату жөніндегі бутиктер (бөлімдер), және т.б. нысандар жұмысын жұмыс уақытын шектемей ұйымдастыруға рұқсат берілсін; 40) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірлескен бұйрығы талаптары мен ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра қаржы секторы субъектілерінің (екінші деңгейлі банктер; банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар шетел валютасымен қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде тек айырбастау пункттері арқылы жұмыс жасайтын заңды тұлғалар, ипотекалық ұйымдар; сақтандыру (кайта сақтандыру) ұйымдары; сақтандыру брокерлері; бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; микроқаржы ұйымдары, несиелік серіктестіктер, ломбардтар; төлем ұйымдары; коллекторлық агенттіктер) қызметіне рұқсат берілсін; 41) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отырып «Азаматтарға арналған үкімет» МК» ҰАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталықтарының штаттық режимдегі қызметі (өз кестесі бойынша); 42) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің штаттық режимдегі қызметі (өз кестесі бойынша); 43) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіне; құрылыс жұмыстарына (тұрмыстық бөлмелерде байланыс болмағанда), ауыл және балық шаруашылығына, мал шаруашылығына рұқсат берілсін; 44) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығын 80% дан асырмай туризм объектілерінің қызметіне (демалыс үйлері, демалыс аймақтары, туристік базалар және т.б.) рұқсат берілсін; 45) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығын 80% дан асырмай халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отельдер, және т.б.) қызметіне рұқсат берілсін; 46) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат берілсін; 47) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отыра/топтағы адам санын 15 тен асырмай жинақтаған жағдайда, алдын ала жазылу бойынша балалар кабинеттерінің/түзету, оңалту орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметіне сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары қызметіне рұқсат берілсін; 48) өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат берілсін; 49) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, мемлекеттік органдардың (ұйымдар, кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат берілсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеу формасында қалдырылады. Міндеттерін қашықтықтан орындала алмайтын қызметкерлерден басқаларды қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады. Қызметкерлері COVlD-19-ға қарсы вакцинацияланған жағдайда ұйымдар, кеңселер жұмысты қашықтықтан және көзбе көз режимде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық құрамына қойылатын талаптарды есепке алмай қызметін жүргізеді. Бұл ретте, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған және соңғы 3 айда COVID-19-бен ауырып шыққан қызметкерлерге толық күндік жұмысқа шығуға, яғни, көзбе көз режимде жұмыс істеуге рұқсат етіледі; 50) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, кемінде 2 метр арақашықтықты, бетперде режимін сақтай отыра, адам саны 15 тен аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларына) баруға рұқсат берілсін; 51) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда (қарбалас сәтте автобустар санын көбейту, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, отыратын орын саны бойынша толтыру, жолаушылардың қоғамдық көліктерге қорғаныс маскаларсыз кіруіне жол бермеу), көлік бірліктерінің санын ұлғайта отырып, саяжай бағбандықтарына дейінгі маршруттарды қоспағанда, жексенбі күндері жұмысты тоқтата тұрумен қоғамдық көліктердің жұмысына рұқсат берілсін; 52) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра такси қызметтерінің қызметіне рұқсат берілсін; 53) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, барлық сауда нысандарына, қоғамдық көліктерге, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, дәліздерге, лифт кабиналарына, ұйымдарға, басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізілсін»; 54) қарттар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, сәбилер үйлері, балалар үйлері, әлеуметтік оңалту орталықтары, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындары санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отыра жұмыс істейді. Әлеуетті ата-аналарға жетім балалармен оларды одан әрі асырап алуы, қорғаншылықта болуы, қамқоршысы болу үшін балалар үйіне және сәбилер үйіне баруына әлеуетті ата-аналарға берілуінен 3 тәуліктен аспаған COVID-19 ға ПТР зертханалық тексерісі теріс нәтиже көрсеткен немесе COVID-19 ға қарсы вакцинациясының толық курсын алғандығы туралы құжатты ұсынған кезде рұқсат беріледі. Медициналық-әлеуметтік мекемелерге ұлттық превентивті механизм қатысушыларының баруына берілуінен 3 тәуліктен аспаған COVID-19 ға ПТР зертханалық тексерісі теріс нәтиже көрсеткен немесе COVID-19 ға қарсы вакцинациясының толық курсын алғандығы туралы құжатты ұсынған кезде рұқсат беріледі». 1) бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отыра спортпен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда болған кезде, халық баратын, қызмет көрсетілетін және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (соның ішінде, такси ішінде) болған кезде медициналық немесе тоқыма бетперделерді міндетті түрде кисін; 2) объектілерге барғанда, қоғамдық көлікті пайдаланған кезде, сонымен қатар, жұмыс орындарында төмендегілерді сақтасын: - қол алыспау, адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтап, қорғаныс бетперделерін дұрыс кисін; - жеке гигиенаны (қолды жуғыш құралдармен жуу, санитайзерлерді (қолға арналған антисептиктер) пайдалану) сақтау, түшкіру және жөтелу этикетін сақтау; 3) респираторлық инфекцияның (тұмау, түшкіру, дене қызуы) алғашқы симптомдары пайда болған жағдайда медициналық ұйымдарға бармай, 103 нөмірі арқылы жедел медициналық жәрдемді үйге шақырту арқылы медициналық көмекке шұғыл жүгінсін; 4) отбасылық, еске алу (банкеттер, тойлар, мерейтойлар және т.б.) іс-шараларын, соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын шараларды өткізуге және қатысуға; - жеке үй-жайлар мен құрылымдарды бұқаралық корпоративтік және басқа да шараларды өткізу үшін жалға алуға; - қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға; - жұмыс режиміне сәйкес жабылғаннан кейін объектілерде болуға жол берілмесін: 5. Павлодар облысының әкімдігіне, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне, полиция Департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары қамтамасыз етсін: 1) қызметіне рұқсат берілген объектілерде карантиндік іс-шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақыласын. Бұзушылықтарды анықтаған жағдайда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылсын». 6. Павлодар облысының полиция Департаменті: 1) жұмысты жалғастырсын және бетперделік режим мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау мәніне тұрғын үй секторының, парктердің, скверлердің, аулаішілік балалар ойын алаңдарының, демалыс аймақтарының, қоғамдық көліктің патрульдеуін қамтамасыз етсін, учаскелік қызмет жұмысын жасырын отбасылық, ұжымдық іс-шараларды анықтауға бағыттасын; 2) COVID-19 бойынша байланысқа түскен адамдарды карантинге жабу орындары мен провизорлық госпитализациялау орындарының күзетін қамтамасыз етсін; 3) COVID-19 бойынша байланысқа түскен адамдарды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келген COVID-19-ға зертханалық зерттеуінің оң нәтижесі бар адамдарды іздестіру және карантинге орналастыру бойынша шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 7. Денсаулық сақтау басқармасы қамтамасыз етсін: 1) эпидемияға қарсы режимді сақтай отыра, COVID-19-бен сырқаттанған адамдарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарда жеке төсек-орындарды бөлсін; 2) серіктес босануға тыйым салынсын; 3) көрсетілетін медициналық көмек ерекшелігін ескере отыра, COVID-19 ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациентті анықтаған жағдайда, барлық денсаулық сақтау ұйымдарында оқшалауға арналған үй-жайларды бөлсін; 4) COVID-19 сырқатына күдігі бар пациенттермен кездесуіне жол бермей, пациенттердің күн сайынғы ағымын бөлсін (басқа нозологиялық сырқаттар бойынша); 5) босандыру ұйымдарына босанатын әйелдер, сондай-ақ, көп бейінді стационарларға өмір көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетілуіне мұқтаж пациенттер келіп түскен жағдайда, медициналық көмек COVID-19-ға зертханалық зерттеу нәтижелерін күтпей-ақ, эпидемияға қарсы режимді сақтаумен, жеке қорғаныс құралдарын пайдаланумен, оңашаланған бөлмеде көрсетіледі. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған жағдайда, медициналық көмек көрсетуге тартылған, COVID-19 ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үй карантинінде оңашалауға және COVID-19-ға зертханалық тексерілуге жатады. Нәтиже оң болған жағдайда жұмыстан шеттетіліп, емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады және 14 күн ішінде медициналық бақылауға жатады; 6) жүкті әйелдер мен балалардың босандыру және балалық медициналық ұйымдарға шұғыл түсу кезінде COVID-19 талдауы болмаса, орташа және ауыр коронавирустық инфекцияның клиникалық белгілері бойынша мамандандырылған мамандармен медициналық көмек көрсету үшін мамандандырылған бөлімге жатқызылады, басқа жүкті әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін эпидемияға қарсы режим сақталынады; 7) пациенттерді, оның ішінде жүкті әйелдерді, босанатын әйелдерді және балаларды стационарға жоспарлы түрде госпитализациялау (оның ішінде күндізгі стационар) қолында тапсырған күнінен бастап 5 күннен аспайтын COVID-19 тестілеу нәтижелері немесе COVID-19 ға қарсы вакцинациясының толық курсын алғандығы туралы құжаты болған кезде жүзеге асырылады; 8) ҚР БМСД № 38 Қаулысының 33 қосымшасына сәйкес COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізу; 9) ҚР БМСД № 38 Қаулысының 33 қосымшасына сәйкес зертханалық тексеру үшін COVID-19-ға күдігі бар науқастардан материалдың қауіпсіз алынуын ұйымдастыру;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |