|
|
|
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мәселелерi (2023.19.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 881 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 881 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 881 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. Мыналарға: ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлер комитетiнiң төрағасына бес орынбасары болуына; 2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат берілсiн. 5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 19 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 95-49), 95-50), 95-51), 95-52), 95-53), 95-54) және 95-55) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 881 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.14.06. № 396 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жүйесiне басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы; 2) Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті; 3) Әкімшілік полиция комитеті; 4) Көші-қон қызметі комитеті. 3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнің және Үкiметiнiң актілерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның туы, жалауы және нышаны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. 5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Министрлік өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Ішкі істер министрінің бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтіледi. ҚР Үкіметінің 2022.19.10. № 834 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 14 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010010, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1. 10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері: 1) құқық бұзушылықтардың профилактикасы; 2) қоғамдық тәртіпті сақтау; 3) қылмысқа қарсы күрес; 4) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жазаларды орындау. 1) құқықтары: өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау; заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұрату және алу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылмаған мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде дербес шешімдер қабылдау; 2) міндеттері: адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандығын құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғау; әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіру. Министрлік қолданыстағы заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2022.24.08. № 592 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.26.10. № 850 Қаулысымен (2022 ж. 8 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.19.10. № 834 Қаулысымен (2022 ж. 14 қарашадан, 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.17.11. № 914 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.13.04. № 302 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.11.05. № 361 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.02.06. № 442 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.29.06. № 509 Қаулысымен (2023 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.30.06. № 528 Қаулысымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.09. № 815 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді 15. Функциялары: 1) құқық бұзушылық профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күрес, қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жазаларды орындау салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді; 2) жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 3) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 4) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, олардың заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы іс-қимылды қамтамасыз етеді; 5) ішкі істер органдары жүйесіндегі бірыңғай мемлекеттік кадрлық саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 6) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында идеологиялық, имидждік, тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастырады; 7) ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы бөлімшілеріне басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ олардың ұдайы жауынгерлік және жедел әзірлігін қамтамасыз етеді; 7-1) Ішкі істер министрлігінің заңды тұлғалар болып табылатын арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне шартты атаулар береді; 8) өз құзыретiндегі мәселелер бойынша жалпыреспубликалық және өңiрлiк жедел-iздестiру және профилактикалық iс-шараларды өткiзу бойынша ұйымдастырушылық басқаруды жүзеге асырады; 9) криминалдық, әкiмшiлiк полицияның және iшкi iстер органдарының өзге де қызметтерiнiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының, қылмыстық-атқару жүйесінің, әскери-тергеу органдарының, Министрліктің Байқоңыр қаласындағы өкiлдiгiнiң және көлiктегi iшкi iстер органдары бөлiмшелерінің қызметiне басшылықты жүзеге асырады; 10) криминалдық, әкiмшiлiк полицияның және полицияның өзге қызметтерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, әскери-тергеу органдарының, Министрліктің Байқоңыр қаласындағы өкiлдiгiнiң, көлiктегi iшкi iстер органдарының өзара iс-қимыл жасау тәртiбiн айқындайды; 11) ішкі істер органдары бірыңғай жүйесінің қызметін үйлестіруді және жоспарлауды жүзеге асырады; 12) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары мен бөлiмшелерінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының, әскери-тергеу органдарының қызметiн үйлестіру мен ведомстволық бақылауды жүзеге асырады; 13) Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде төтенше және әскери жағдай режимі енгізілген жағдайда оны қамтамасыз етуді, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады; 14) авариялардың, өрттердің, дүлей апаттардың салдарын жою кезінде және басқа да төтенше оқиғалар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады; 15) ауыр қылмыстар жасаған, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей апаттар мен басқа да төтенше оқиғалар кезінде күштер мен құралдарды жедел басқаруды қамтамасыз етеді; 16) ішкі істер органдарын агрессияны тойтаруға жауынгерлік әзірліктің және бейбіт уақыттағы төтенше жағдай кезінде жедел-қызметтік әзірліктің жоғары дәрежесіне ауыстыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; 17) республика өңірлеріндегі жедел ақпаратты үздіксіз жинауды және криминогендік ахуалды кешенді талдауды қамтамасыз етеді; 18) iшкi iстер органдарының жұмылдыру дайындығы, бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, iшкi iстер органдарының арнаулы бөлiмшелерiнiң толық және уақтылы жұмылдыруға ұдайы әзірлігін қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлейдi; 19) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметін, мемлекеттік органдарды республикадағы қылмысқа қарсы күрестің, қоғамдық тәртіпті сақтаудың жай-күйі туралы хабардар етеді; 20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтауды, құқық бұзушылық пен қылмыстардың профилактикасын жетілдіруге бағытталған шаралар әзірлейді; 21) елді мекендерде қоғамдық тәртіпті сақтауға арналған бейнебақылау жүйелері мен бейнетіркеу құралдарын енгізуді және пайдалануды жүзеге асырады; 22) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға арналған стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды білім және ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді; 23) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуі жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді; 24) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді; 25) қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау саласында және ішкі істер органдарының қарамағына жатқызылған өзге де мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды, ұйымдастырады және жүзеге асырады; 26) қоғамдық тәртiптi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында республикалық ақпараттық жүйенi құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi; 27) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекітеді; 28) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді; 29) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, ішкі істер органдарының объектілерін, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады; 30) жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын әзірлейді және бекітеді; 31) жеке күзет ұйымдарының күзетшісі құжатының нысаны мен үлгісін әзірлейді және бекітеді; 32) жеке күзет ұйымында күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерге арналған нысанды киім үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді; 33) күзет қызметiмен, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждаумен, баптаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектiлердi және жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандырылған оқу орталықтарының қызметiн мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады; 34) мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді ұйымдастырады; 35) халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуы мемлекетке жүктелген объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 36) мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету кезінде адамдарды, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеріп қарауды ұйымдастырады; 37) күзет қызметі субъектілерінен олардың «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы ақпарат сұратады; 38) ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді; 39) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының мемлекеттiк кадастрын әзірлейді және бекiтедi; 40) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынаудың криминалистикалық талаптары мен әдістерін, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді; 41) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 42) азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 43) азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді; 44) азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді; 45) заңсыз сақталатын атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтеулі тапсыру тәртібін белгілейді; 46) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрын әзірлеу, басып шығару және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 47) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы салаларындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдарын) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысанын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді; 48) ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 49) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді; 50) табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 51) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 52) учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 52-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының халық алдында есеп беруін ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекітеді; 53) жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және жолын кесу жөнінде шаралар әзiрлейдi; 54) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті сақтауды және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді; 54-1) елді мекендерде және қала маңындағы автомобиль жолдарында қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді; 55) жүргізуші куәліктері, көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілерін әзірлейді және бекітеді; 56) біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау бойынша білім беру процессі уақытында оқытушыға, өндірістік оқыту шеберіне және жүргізуді үйрету шеберіне кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін, кәсіптік бірлестіктердің өз қызметі туралы есептілігінің нысаны мен оны ұсыну мерзімділігін әзірлейді және бекітеді; 57) мемлекеттік органдардың жол жүрiсi және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; 58) жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнаулы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнаулы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтер тізбесін бекітеді; 59) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 60) мас күйді куәландыруға жіберу, мас күйді куәландыру және оның нәтижелерін ресімдеу қағидаларын әзірлейді; 61) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға олардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген міндеттерін орындауы үшін көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша деректерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ұсыну тәртібін және ұсынуды айқындайды; 62) халықты жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелері бойынша құқықтық сауаттандыруды және оларды хабардар етуді қамтамасыз етеді; 63) жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді; 64) азаматтарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес іс-шараларға тарту тәртібін, нысандарын және түрлерін айқындайды; 65) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға арналған куәліктің үлгісі мен эмблема рәмізін әзірлейді және бекітеді; 66) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен заңды тұлғаларға есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсаттар беруді жүзеге асырады; 67) жедел-криминалистикалық қызметті жүзеге асырады; 68) ішкі істер органдарындағы жедел-криминалистикалық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 69) күдіктілерді, айыпталушыларды, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан, ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұсталатын, профилактикалық есепке қойылған адамдарды криминалистикалық есептерге қою үшін биологиялық, одорологиялық және басқа да үлгілерді іріктейді, суретке түсіреді, дактилоскопия жасайды, дыбыс жазуды, кино- және бейнетүсірілімді жүргізеді; 70) дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді; 71) дактилоскопиялық және геномдық ақпараттың дерекқорларын қалыптастыру, жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 72) ғылыми-техникалық және өзге де зерттеулер жүргізеді; 73) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүзеге асырады; 74) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мамандандырылған күзет бөлімшелерінің қызмет өткеруін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 75) көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді; 76) Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды Біріккен Ұлттар Ұйымының Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетiнің бекiтуі үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметіне Қазақстан Республиканың есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға қажеттiлiк нормаларын ұсынады; 77) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналықтан басқа мақсатта тұтынудың профилактикасы жөнiндегi өңiрлiк комиссиялардың қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады; 78) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімін, заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені және есірткінің, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін әзірлейді; 79) уәкiлеттi органдармен бiрлесіп, мемлекеттiң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға қажеттiлiк нормаларын айқындайды; 80) Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен бірлесіп, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерінің ауқымын болжайды; 81) Қазақстан Республикасындағы есірткі ахуалының жай-күйін және өрбу үрдісін, есірткінің заңсыз айналымға түсуінің өңіраралық көздері мен арналарын, олардың жолын жабу жөніндегі шаралардың әзірлемесін, тиісті ақпараттық-талдау материалдарының дайындалуын талдайды; 82) уәкілетті органдармен бірлесіп, есірткінің, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл жасау саласында ғылыми зерттеулерді үйлестіреді; 83) жеке басты куәландыратын құжаттардың: Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнің, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының, азаматтығы жоқ адам куәлiгiнің және жол жүру құжатының үлгiлерiн, оларды ресiмдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртiбiн бекітеді;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |