«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «29) екі немесе одан көп облыс аумағындағы (облыстардың аумағында карантиндік объектінің жергілікті таралу жағдайларын қоспағанда) карантиндік аймақтарда өсімдіктер карантинін жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»; 30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «30) карантиндік фитосанитариялық талаптарды әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 33-1) және 33-2) тармақшалармен толықтырылсын: «33-1) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге жұмсаған шығындарын өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 33-2) фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 34-1) және 34-2) тармақшалармен толықтырылсын: «34-1) таралу ошақтарын оқшаулау мен жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 34-2) қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»; 35) және 36) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «35) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің қорын құру және сақтау тәртібін әзірлейді және бекітеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|