Осы редакция 2018 жылғы 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығына 3-қосымша
«Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні ішінде; 2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 40 (қырық) минут; Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту береді. 5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|