|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі): 1-тармақтың 1) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1) бүкіл мәтін бойынша: «мүгедектерді», «мүгедектердің», «мүгедектерге», «мүгедек», «мүгедек баланы», «мүгедектерінің», «мүгедектер», «мүгедекке», «мүгедек бала», «мүгедек баланың», «мүгедектің» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдарға», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар баланы», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар адамға», «мүгедектігі бар бала», «мүгедектігі бар баланың», «мүгедектігі бар адамның» деген сөздермен ауыстырылсын; «І, ІІ топтағы», «І немесе ІІ топтағы», «І, ІІ немесе ІІІ топтардағы» деген сөздер тиісінше «бірінші, екінші топтардағы», «бірінші немесе екінші топтағы», «бірінші, екінші немесе үшінші топтардағы» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 2) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2) 88-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «көмірсулардың» деген сөз «көмірсутек» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтың 3) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3) 215-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Төтенше ахуалдар салдарынан не төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде тауарлар бүлінген, жоғалған жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші салықтық тіркелім жасайды, онда осы баптың 3-тармағында көзделген мәліметтер, сондай-ақ мынадай деректер көрсетіледі: 1) тауардың атауы; 2) есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы; 3) тауардың баланстық құны; 4) мұндай тауар бойынша қосылған құн салығын бұрын есепке жатқызуға негіз болған құжаттың деректемелері (атауы, нөмірі, күні), сондай-ақ тауардың қосылған құн салығынсыз құны (салық салынатын айналым мөлшері).»; 4) 241-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігінде: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушілердің жылдық жиынтық кірісінен:»; 1-тармақтың 4) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды 27) тармақшаның төртінші абзацындағы «кіріс алып тасталуға жатады.» деген сөздер «кіріс;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын: «28) салық төлеуші жергілікті атқарушы орган қалыптастыратын тізілімге енгізілген кезде көрсетілген жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның шешімі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде келтірілген мүліктік зиянның өтеміне алған ақшаның сомасы алып тасталуға жатады.»; 2-тармақта: 2) тармақша алып тасталсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) бейрезидент - заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі алған дивиденттер алып тасталуға жатпайды. Бұл ретте осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3) тармақшасында айқындалған шарттар орындалған кезде дивидендтерге қолданылмайды;»; мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) осындай дивидендтерді есепке жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміндегі бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер алып тасталуға жатпайды. Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өлшемшарттарға сәйкес биржада сауда-саттық жүзеге асырылған бағалы қағаздар бойынша дивидендтерге қолданылмайды.»; 1-тармақтың 5) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды 5) 243-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері осы тармақтың ережелерін салық төлеуші жергілікті атқарушы орган қалыптастыратын тізілімге енгізілген кезде, көрсетілген жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның шешімі бойынша, төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде келтірілген мүліктік зиянның өтеміне ақша алынған мүлік бойынша қолданбайды.»; 6) 264-бап 22) тармақшасындағы «шығыстары шегерімге жатпайды.» деген сөздер «шығыстары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын: «23) бейрезидент - өзара байланысты тараптан басқарушылық, консультациялық, консалтингтік, аудиторлық, дизайнерлік, заңдық, бухгалтерлік, адвокаттық, жарнамалық, маркетингтік, франчайзингтік, қаржылық (сыйақы бойынша шығыстарды қоспағанда), инжинирингтік, агенттік көрсетілетін қызметтерді, роялтиді, зияткерлік меншік обьектілерін пайдалануға құқықтарды сатып алу жөніндегі шығындар шегерімге жатпайды. Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсатында: осы Кодекстің 1-бабының 2-тармағында аталған тұлғалар; басқа заңды тұлғамен бірлесіп, компаниялардың бір тобына кіретін заңды тұлға; жеке және (немесе) заңды тұлғалардың арасындағы қатынастар осы бөлікте көрсетілген шарттарға қарамастан, өзара байланыстылық белгілеріне ие болған кезде, мұндай тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылады. Бұл ретте салық төлеуші өзара байланыстылықты танымаған жағдайда, мұндай тануды сот салық органының талап қоюы негізінде белгілейді. Осы тармақшаның екінші бөлігінің мақсатында компаниялар тобы деп бас компанияны және акцияларын, қатысу үлестері мен өзге де үлестік құралдарын осындай бас компания тікелей немесе жанама иеленетін компанияларды қамтитын коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың құрылымы түсініледі.»; 1-тармақтың 7) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды 7) 270-бапта: 8-тармақтың бірінші абзацындағы «Өзіне» деген сөз «Егер осы баптың 8-1-тармағында өзгеше көзделмесе, жоғалуына, бүлінуіне» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: «8-1. Жоғалуына, бүлінуіне байланысты активтің бухгалтерлік есепке алуда танылуы тоқтатылатын тіркелген активтер жоғалған, бүлінген кезде, осы Кодекстің 241-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 28) тармақшасында көзделген ақшаны алу арқылы осындай тіркелген активтердің құны өтелген жағдайда, кіші топтың (топтың) құндық балансы көрсетілген ақша сомасына тең құнға азайтылады.»; 8) 288-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын: «3-2) бейрезидент - өзара байланысты тараптан басқарушылық, консультациялық, консалтингтік, аудиторлық, дизайнерлік, заңдық, бухгалтерлік, адвокаттық, жарнамалық, маркетингтік, франчайзингтік, қаржылық (сыйақы бойынша шығыстарды қоспағанда), инжинирингтік, агенттік көрсетілетін қызметтерді, роялтиді, зияткерлік меншік обьектілерін пайдалануға құқықтарды сатып алу жөніндегі шығындарды - салық салынатын кірістің 3 пайызынан аспайтын жалпы сома мөлшерінде азайтуға құқығы бар. Осы тармақшаның мақсатында осы Кодекстің 264-бабының 23) тармақшасына сәйкес өзара байланысты деп танылғандар өзара байланысты тараптар деп танылады;»; 9) 297-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 10) тармақшаларындағы «3), 4) және 5) тармақшаларына» деген сөздер «3) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 307-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) осы Кодекстің 241-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген дивидендтер.»; 11) 310-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «2-тармағында» деген сөздер «1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 320-бапта: 1-тармақтағы «Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістерді қоспағанда, салық» деген сөздер «Салық» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақ алып тасталсын; 13) 340-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде: 3) тармақшадағы «3), 4) және 5) тармақшаларына» деген сөздер «3) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) тармақшаның екінші бөлігіндегі «3), 4) және 5) тармақшаларына» деген сөздер «3) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 341-баптың 1-тармағында: 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «7) бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақыларды есепке жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміндегі осындай дивидендтер мен сыйақылар. Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі күнтізбелік жылда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өлшемшарттарға сәйкес биржада сауда-саттық жүзеге асырылған бағалы қағаздар бойынша дивидендтерге қолданылады; 8) мыналарды: акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын таза кірісті немесе оның бір бөлігін; резидент-заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірісті немесе оның бір бөлігін; резидент-заңды тұлға таратылған кезде немесе жарғылық капитал азайтылған кезде, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы резидент-заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған кезде және осындай эмитент-заңды тұлға акционерден осы эмитент шығарған акцияларды сатып алған кезде мүлікті бөлуден түсетін кірісті бөлу кезінде күнтізбелік жыл ішінде резидент-заңды тұлғадан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 000 еселенген мөлшері шегінде алынған дивидендтерге қолданылады;»; 1-тармақтың 14) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 22) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: «төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде келтірілген мүліктік зиянды өтеу түрінде;»; 1-тармақтың 15) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 15) 404-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы: «жағдайлардың салдарынан» деген сөздер «ахуалдың салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: «Төтенше ахуалдар салдарынан туындаған жағдайларда тауарлар бүлінген, жоғалған кезде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген тауардың бүліну, жоғалу фактілерін растайтын құжат; осы Кодекстің 215-бабының 7-1-тармағына сәйкес жасалған салықтық тіркелімде көрсетілген мәліметтер бар тауарлар бойынша төтенше ахуалдың туындау фактісі туралы растауы болған кезде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайтуды жүргізбейді. Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларда тауарлар бүлінген, жоғалған кезде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қылмыстық қудалауды жүргізетін органның: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген тауардың бүліну, жоғалу фактілерін растайтын құжат; осы Кодекстің 215-бабының 7-1-тармағына сәйкес жасалған салықтық тіркелімде көрсетілген мәліметтер бар тауарлар (салық төлеуші жергілікті атқарушы орган қалыптастыратын тізілімге енгізілген кезде көрсетілген жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның шешімі бойынша, төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде келтірілген мүліктік зиянның өтеміне ақша алынған тауарларды қоспағанда) бойынша салық төлеушіні төтенше жағдайға байланысты қылмыстық істер бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесі болған кезде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайтуды жүргізбейді.»; 16) 427-бапта: 1-тармақтың 16) тармақшасының екінші - оныншы абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1-тармақта: бірінші бөлік 7) тармақшасындағы «бөлшектер бойынша осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.» деген сөздер «бөлшектер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын: «7-1) пестицидтер; 7-2) асыл тұқымды жануарлар және қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық; 7-3) тірі ірі қара мал бойынша осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.»; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар енгізіледі.»; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Бұл тізбеге осы тармақтың бірінші бөлігінің 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын тауарлар енгізіледі.»; 1-тармақтың 16) тармақшасының он бірінші, он екінші абзацтары 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 4-тармақта: екінші бөліктегі «осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі» деген сөздер «бес жыл» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 16) тармақшасының он үшінші - он бесінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7-2) және 7-3) тармақшаларында көрсетілген жануарларды мәжбүрлі жағдайда сою нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін өткізу немесе осындай жануарлардың табиғи кему нормаларының шегінде кемуі (өлуі) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды. Мәжбүрлі жағдайда сою тәртібін және табиғи кему нормаларын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді;»; 1-тармақтың 16) тармақшасының он алтыншы абзацы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі» деген сөздер «бес жыл» деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 428-бапта: 1-тармақтың 17) тармақшасының екінші - оныншы абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1-тармақта: бірінші бөлік 7) тармақшасындағы «бөлшектер бойынша осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.» деген сөздер «бөлшектер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын: «7-1) пестицидтер; 7-2) асыл тұқымды жануарлар және қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық; 7-3) тірі ірі қара мал бойынша осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.»; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар енгізіледі.»; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Бұл тізбеге осы тармақтың бірінші бөлігінің 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын тауарлар енгізіледі.»; 1-тармақтың 17) тармақшасының он бірінші және он екінші абзацтары 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 5-тармақта: екінші бөліктегі «осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі» деген сөздер «бес жыл» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 17) тармақшасының он үшінші - он бесінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7-2) және 7-3) тармақшаларында көрсетілген жануарларды мәжбүрлі жағдайда сою нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін өткізу немесе осындай жануарлардың табиғи кему нормаларының шегінде кемуі (өлуі) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды. Мәжбүрлі жағдайда сою тәртібін және табиғи кему нормаларын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді;»; 1-тармақтың 18) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 18) 434-баптың 2-тармағында: бірінші бөліктің 3) тармақшасында: бірінші бөлікте: «шикізат экспортынан» деген сөздер алып тасталсын; «айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің» деген сөздер «айырбастаған кезде шикізатты экспорттаушылардың» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «Кәсіпкерлік субъектілерінің» деген сөздер «Шикізатты экспорттаушылардың» деген сөздермен ауыстырылсын; оныншы бөліктің бесінші абзацында: «шикізат экспортынан» деген сөздер алып тасталсын; «айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздер «айырбастаған кезде шикізатты экспорттаушылар» деген сөздермен ауыстырылсын; 19) 444-баптың 2-тармағының бесінші бөлігіндегі «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың» деген сөздер «Импортталатын тауарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 20) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 20) 462-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «көмірсулардың» деген сөз «көмірсутек» деген сөзбен ауыстырылсын; 21) 463-баптың 4-тармағы 1) тармақшасы кестесінің 14, 15, 16, 18, 21 және 22-жолдары мынадай редакцияда жазылсын: «
»; «
»; «
»; 1-тармақтың 22) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 22) 464-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларындағы «көмірсулардың» деген сөз «көмірсутек» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтың 23) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 23) 466-баптың екінші бөлігіндегі «көмірсулардың» деген сөз «көмірсутек» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтың 24) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 24) 468-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Төтенше оқиғалар салдарынан» деген сөздер «Төтенше ахуалдар салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 25) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 25) 469-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы және 3-тармағының 1) тармақшасындағы «жағдайлар салдарынан» деген сөздер «ахуалдар салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 26) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 26) 470-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «көмірсулардың» деген сөз «көмірсутек» деген сөзбен ауыстырылсын; 27) 595-баптың 2-тармағының кестесі мынадай мазмұндағы 9.1-жолмен толықтырылсын: «
»; 28) 606-3-бап мынадай редакцияда жазылсын: «606-3-бап. Төлемақы мөлшерлемесі 1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, цифрлық майнинг мақсатында төлемақыны есептеу есепті кезең үшін тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін бағасына қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:
Меншікті электр энергиясын пайдаланған кезде, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, цифрлық майнинг мақсатында төлемақы тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 10 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі. 2. Цифрлық майнинг мақсатында төлемақы Қазақстан Республикасының аумағындағы меншікті электр станцияларында жаңартылатын электр энергиясы көздерінен өндірілген электр энергиясын пайдаланған кезде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі. Электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған және (немесе) олар ақаулы күйде болған кезде цифрлық майнинг мақсатында төлемақы тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 25 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі. 3. Электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған және (немесе) олар ақаулы күйде болған жағдайларда цифрлық майнинг мақсатында тұтынылған электр энергиясының көлемі электр энергиясының ең жоғары қуатын тәулік бойы тұтыну есебінен есептеледі. 4. Әртүрлі төлемақы мөлшерлемелерін қолданудың бірнеше негіздері бір мезгілде болған кезде анағұрлым жоғары төлемақы мөлшерлемесі қолданылады.»; 29) 645-баптың 9-тармағында: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақыларды есепке жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміндегі осындай дивидендтер мен сыйақылар. Бұл ретте осы тармақшаның ережелері салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өлшемшарттарға сәйкес биржада сауда-саттық жүзеге асырылған бағалы қағаздар бойынша есептелген дивидендтерге қолданылады;»; 4) және 5) тармақшалар алып тасталсын; 30) 646-бапта: 1-тармақтың бірінші абзацындағы «2 және 3» деген сөздер «2, 3, 4 және 5» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын: «4. Уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген, жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бейрезиденттің дивидендтер түріндегі кірістері мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады: дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеуші дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді; дивидендтерді төлейтін резидент-заңды тұлға дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды; дивидендтерді төлеу күніне дивидендтерді төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкі 50 пайыздан аз болады. Егер осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаны қоспағанда, дивидендтерді төлейтін резидент-заңды тұлға есептелген корпоративтік табыс салығын қызмет бойынша, оның ішінде осындай азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша 100 пайызға азайтуды жүргізген жағдайда, осы тармақтың ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |