«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 21 шілдедегі № 99-ө өкімі
1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары: 1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және ай сайын келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін хабардар етсін. 3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберсін.
Премьер-Министрінің 2020 жылғы 21 шілдедегі № 99-ө өкімімен бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|