Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы (2021.16.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1174 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген
Жекешелендіру объектілерін сату
ҚР Үкіметінің 2021.16.04. № 247 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 100-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жекешелендіру объектілерін аукцион мен тендер, жабық тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықтарда, сондай-ақ тікелей атаулы сату арқылы сату, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді.
ҚР Үкіметінің 2021.16.04. № 247 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 924 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.16.04. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|