ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Өнеркәсіптік саясат туралы (2023.12.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасы 3-бап. Өнеркәсіптік саясаттың мақсаты мен міндеттері 4-бап. Өнеркәсіптік саясаттың қағидаттары 6-бап. Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру құралдары 7-бап. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру бағыттары 2-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУДЫҢ БАЗАЛЫҚ ШАРТТАРЫ 1-параграф. Өнеркәсіптік саясат саласындағы мемлекеттік реттеу 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 9-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті 10-бап. Сыртқа сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті 12-бап. Өзге мемлекеттік органдардың құзыреті 14-бап. Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия 15-бап. Өнеркәсіпті дамыту қоры 16-бап. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесі 2-параграф. Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым 17-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым 19-бап. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары 20-бап. Конструкторлық бюролар 21-бап. Технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтары 22-бап. Инновациялық кластерлер 24-бап. Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары 3-параграф. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру 25-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарттары 26-бап. Басым тауарлар тізбесі 28-бап. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім 29-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары 31-бап. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді ұсыну 32-бап. Қаржы институттары арқылы кредит беру 34-бап. Жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру 35-бап. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 37-бап. Ішкі нарықта ынталандыру 39-бап. Еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру 40-бап. Аумақтық кластерлерді дамытуды ынталандыру 41-бап. Берешекті қайта құрылымдау 42-бап. Өнеркәсіптік гранттар беру 3-тарау. ӨТКІЗУ НАРЫҚТАРЫНА ІЛГЕРІЛЕТУ 43-бап. Өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын сыртқы нарықтарға ілгерілету 44-бап. Қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру 45-бап. Өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің өзара іс-қимылына жәрдемдесу 46-бап. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар 47-бап. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу тәртібі 49-бап. Келісімшарттық сатып алу шарттары 50-бап. Өнеркәсіптік өнімнің реттелетін сатып алуы 51-бап. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқоры 53-бап. Өнеркәсіптік өнімді өндірушілер мен ішкі сауда субъектілерінің өзара іс-қимылы 4-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ 1-параграф. Өнеркәсіпті дамытудың жүйелі шаралары 54-бап. Еңбек өнімділігін арттыру 55-бап. Оқыту және кадр әлеуетін арттыру 56-бап. Өңдеу өнеркәсібін технологиялық дамыту 57-бап. Өнеркәсіптегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру 58-бап. Өңдеу өнеркәсібінің өнімін техникалық реттеу және стандарттау 59-бап. Өнеркәсіпке инвестицияларды тарту 60-бап. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету 61-бап. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етудің өзге де тәсілдері 2-параграф. Өнеркәсіп салаларын дамыту 62-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім 63-бап. Көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім 64-бап. Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім 65-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің шеңберінде ынталандыру шараларын ұсыну 66-бап. Көміртегі ізін төмендету жөніндегі шаралар 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 67-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 69-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейді әрі өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аумақтық кластер - өндірушілерді, өнім берушілерді, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын және белгілі бір салалық мамандануы бар басқа да ұйымдарды қамтитын өзара байланысты және өзара толықтыратын ұйымдардың географиялық шоғырланған тобы; 2) елішілік құндылық - ішкі нарықта өндірілген тауарлардың және жүзеге асырылған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірілген тауардың, жүзеге асырылған жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің жалпы көлеміндегі пайыздық мөлшері; 3) Индустрия 4.0 - нақты уақыт режимінде физикалық процестердің мониторингі жүргізілетін, жедел шешімдер қабылданатын, сондай-ақ технологиялардың өзара және адамдар арасында іс-қимыл жасауы жүзеге асырылатын, физикалық объектілердің, процестер мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың интеграциясын көздейтін өндірістің ұйымдастырылуы; 4) инновация - қандай да бір жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнім (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет), технология немесе процесс, жаңа маркетинг әдісі немесе іскерлік практикадағы жаңа ұйымдастыру әдісі, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланыстарды ұйымдастыру түрінде іске асырылған, бәсекелік артықшылық алуды қамтамасыз ететін, инновациялық қызметтің пайдалануға берілген түпкілікті нәтижесі; 5) инновациялық қызмет - инновацияларды жасауға бағытталған қызмет (зияткерлік, шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда); 6) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган - инновациялық және технологиялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 7) қарсы міндеттемелер - осы Заңға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде қабылданатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі мен мемлекеттің өзара міндеттемелері; 8) нарық сыйымдылығы - ішкі нарықтың, өнеркәсіптік өнім өндірісінің, импорты мен экспортының барынша мүмкін болатын көлемін айқындайтын сандық көрсеткіш; 9) өнеркәсіп - пайдалы қазбалар өндіруге, өңдеу өнеркәсібіне, электр энергиясымен, газбен және бумен қамтамасыз етуге, ауаны баптауға, сумен жабдықтауға, су бұруға, қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға, сондай-ақ ластануды жоюға жататын экономикалық қызмет түрлерінің жиынтығын білдіретін экономика саласы; 10) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілері - өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері; 11) өнеркәсіптік-инновациялық жоба - технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістерді құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған, белгілі бір уақыт ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені; 12) өнеркәсіптік-инновациялық жүйе - өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің, инфрақұрылым мен Қазақстан Республикасында өнеркәсіпті ынталандыруға және инновацияларды қолдауға бағытталған құралдардың жиынтығы; 13) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет - еңбек өнімділігін арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға, өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілетуге байланысты қызмет; 14) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері - өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері - өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық даму институттары, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор, сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту қоры; 16) өнеркәсіптік өнім - өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде өндірілген тауарлар; 17) өнеркәсіптік саясат - мемлекет жүзеге асыратын және өнеркәсіпті ынталандыру мен дамытуға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі; 18) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын, өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында құрылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган; 19) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган - өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 20) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары - өңдеу өнеркәсібі мен өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамыту мақсатында мемлекет қолданатын, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын ынталандыру шаралары; 21) өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы - кәсіпорынның бизнес-моделінің елеулі өзгерістеріне алып келетін кәсіпорындардың бизнес-процестеріне цифрлық технологияларды енгізу; 22) өңдеу өнеркәсібі - жаңа өнім (тауар, оның ішінде азық-түлік тауарлары) үшін шикізатты, материалдарды, заттарды, құрамдастарды өңдеуге байланысты өнеркәсіп салаларының жиынтығы; 23) технологиялар трансферті - өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің меншік, иелену және (немесе) пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған тәсілдермен алынған жаңа немесе жетілдірілген технологияларды енгізу процесі; 24) шикізаттық емес экспорт - өңдеу өнеркәсібі тауарларының және көрсетілетін қызметтердің экспорты.
2-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Өнеркәсіптік саясаттың мақсаты мен міндеттері 1. Өнеркәсіптік саясаттың мақсаты бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған өнім өндірісін ұлғайту және дамудың шикізаттық моделінен кету арқылы өңдеу өнеркәсібінің орнықты дамуын қамтамасыз ету болып табылады. 2. Мыналар өнеркәсіптік саясаттың міндеттері болып табылады: 1) экономиканың өнеркәсіптік секторын орнықты дамыту саласындағы мақсаттарға қол жеткізу арқылы ел халқының әл-ауқатын арттыру; 2) өңдеу өнеркәсібінің дамуы үшін қазіргі заманғы инфрақұрылымды құру және дамыту; 3) инновацияларды тиімді енгізуді және жаңа жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды қолдау; 4) еңбек өнімділігін арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету мақсатында экономиканы әртараптандыру және өнеркәсіптік өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде қайта өңдеуді тереңдету, жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық қайта жарақтандыру арқылы арттыру; 5) елде қолайлы индустриялық ахуал жасау және ұлттық экономиканың өзіне жеткіліктілігін арттыру; 6) инвестициялық ахуалды жетілдіру және қосылған құны жоғары отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорттық әлеуетін дамыту, сондай-ақ қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру; 7) өз өндірісін дамыту арқылы импортқа тәуелділікті қысқарту.
4-бап. Өнеркәсіптік саясаттың қағидаттары Өнеркәсіптік саясат мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) өнімділіктің өсуі, экономиканың күрделілігі мен технологиялылығын арттыру, оның ішінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының жоғары деңгейде өңдеп жасау тауарларын өндіру, инновацияларды дамыту және өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы үшін жағдайлар жасауға бағытталуын қамтамасыз ету арқылы арттыру; 2) мемлекеттің өнеркәсіптік, инновациялық, инвестициялық, экспорттық, сауда, ғылыми-технологиялық, білім беру, салық, бюджет, ақша-кредит саясаттарының біртұтастығын қамтамасыз ететін экономикалық негізделген шешімдерді және олар үшін қоғам алдында жауаптылықты қабылдауы; 3) өнеркәсіптік саясаттың мазмұнына және жұмыс істеу жағдайлары, құрылымы мен даму әлеуеті әртүрлі салалар мен өңірлерде оны іске асыру құралдарын таңдауға қатысты жеке көзқарасты қамтамасыз ету арқылы адал бәсекелестік жағдайында жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі; 4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының жариялылығы, атаулылығы мен транспаренттілігі және жекелеген салалар, субъектілер жай-күйінің ерекшелігін көрсететін қажетті және жеткілікті құралдарды қамтамасыз ету кезінде оларға тең қол жеткізу; 5) әртүрлі деңгейдегі іс-қимылдар мен басқару тетіктерінің ұйымдық бірлігін көздейтін, өнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу; 6) ел өнеркәсібінің, тұтастай алғанда, экономиканың жұмыс істеуі мен дамуына, адами капиталды дамытуға байланысты мемлекеттің, қоғамның, өнеркәсіптік кәсіпорындардың стратегиялық мүдделерінің теңгерімі; 7) өнеркәсіп дамуының ішкі және сыртқы ортасының ықтимал өзгерістерін алдын ала болжау, оның стратегиялық ұстанымын айқындау және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын жоспарлау жүйелілігі мен ұзақ мерзімділігі; 8) болжау, қажеттіліктерді бағалау, нарық сыйымдылығын талдау, тәуекелдерді басқару жүйелерін пайдалану, ресурстарды, уақытты жоспарлау және өзгерістерге ден қоюдың пәрменді шараларын тұжырымдау арқылы өнеркәсіптік саясаттың тиімділігі.
1. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуға ықпал ететін өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін жүйелі түрде ынталандыруға негізделген елдің индустриялық дамуын қамтамасыз етеді. 2. Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсіптің жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат беру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы (бұдан әрі - Ұлттық баяндама) енгізеді. Ұлттық баяндаманы индустриялық дамуды бағалау және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау қорытындысы бойынша өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады. Орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға Ұлттық баяндамаға енгізу үшін ақпарат ұсынады. Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалатын өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады, оларды әзірлеуді мемлекеттік органдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының, кәсіпкерлік субъектілері мен қоғам өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады.
6-бап. Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру құралдары 1. Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру индустриялық дамуды бағалау негізінде жүзеге асырылады. Индустриялық дамуды бағалау өнеркәсіптің дамуына әсер ететін құқықтық, экономикалық, қаржылық және өзге де факторларды талдауды көздейді және индустриялық дамуды бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. 2. Өнеркәсіптік саясаттың іске асырылу мониторингі бірыңғай индустрияландыру картасы арқылы жүзеге асырылады. Бірыңғай индустрияландыру картасы өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын өнерксіптік-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіреді. Бірыңғай индустрияландыру картасы бойынша жалпы үйлестіруді өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Жауапты мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға бірыңғай индустрияландыру картасы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларының іске асырылу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайынғы негізде ұсынады. 3. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігі өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес бағаланады. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау үшін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді. Заңды күшіне енген сот шешімі бар ақпаратты немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, алынған әкімшілік деректер өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етілмейді.
7-бап. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру бағыттары Осы Заңға сәйкес өнеркәсіптік саясат мынадай бағыттар бойынша іске асырылады: 1) өнеркәсіпті дамытудың базалық шарттары; 2) өткізу нарықтарына ілгерілету; 3) өнеркәсіптің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
2-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУДЫҢ БАЗАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
1-параграф. Өнеркәсіптік саясат саласындағы мемлекеттік реттеу
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператордың тізбесін бекітеді; 3) ұлттық экономиканың, оның ішінде өнеркәсіптік-инновациялық құрамдас бөлігінің тұрақтылығын және орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында: өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын енгізеді, қолдану тәртібін айқындайды, сондай-ақ олардың күшін жояды; өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерін енгізеді, сондай-ақ оларды құру және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды; 4) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекітеді; 5) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекітеді; 6) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесін бекітеді; 7) тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін бекітеді; 8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.
9-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган: 1) өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; 2) елішілік құндылықты дамыту саясатын қалыптастыруға қатысады; 3) жыл сайын 31 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділігі туралы ақпарат ұсынады; 4) индустриялық дамуды бағалауды жүзеге асырады; 5) өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының салалық мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды және олардың жұмысын үйлестіреді; 6) елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 7) бірыңғай индустрияландыру картасын әзірлейді және бекітеді; 8) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді; 9) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді; өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын енгізуді, қолдану тәртібін айқындауды, сондай-ақ олардың күшін жоюды; өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерін енгізуді, сондай-ақ оларды құру және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындауды көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірлейді; 11) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын әзірлейді; 12) бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 13) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 14) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 15) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін әзірлейді; 16) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасы3-бап. Өнеркәсіптік саясаттың мақсаты мен міндеттері4-бап. Өнеркәсіптік саясаттың қағидаттары5-бап. Индустриялық даму6-бап. Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру құралдары7-бап. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру бағыттары 2-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУДЫҢ БАЗАЛЫҚ ШАРТТАРЫ1-параграф. Өнеркәсіптік саясат саласындағы мемлекеттік реттеу8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті9-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті10-бап. Сыртқа сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті12-бап. Өзге мемлекеттік органдардың құзыреті13-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері14-бап. Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия15-бап. Өнеркәсіпті дамыту қоры16-бап. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесі 2-параграф. Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым17-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым18-бап. Технопарктер19-бап. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары20-бап. Конструкторлық бюролар21-бап. Технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтары22-бап. Инновациялық кластерлер23-бап. Аумақтық кластерлер24-бап. Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары 3-параграф. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру25-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарттары26-бап. Басым тауарлар тізбесі27-бап. Қарсы міндеттемелер28-бап. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім29-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары30-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру31-бап. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді ұсыну32-бап. Қаржы институттары арқылы кредит беру33-бап. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау34-бап. Жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру35-бап. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету36-бап. Жер учаскелерін беру37-бап. Ішкі нарықта ынталандыру38-бап. Өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту және ілгерілету, оларды өткізуге жәрдем көрсету39-бап. Еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру40-бап. Аумақтық кластерлерді дамытуды ынталандыру41-бап. Берешекті қайта құрылымдау42-бап. Өнеркәсіптік гранттар беру 3-тарау. ӨТКІЗУ НАРЫҚТАРЫНА ІЛГЕРІЛЕТУ43-бап. Өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын сыртқы нарықтарға ілгерілету44-бап. Қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру45-бап. Өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің өзара іс-қимылына жәрдемдесу46-бап. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар47-бап. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу тәртібі48-бап. Офтейк-келісімшарттар49-бап. Келісімшарттық сатып алу шарттары50-бап. Өнеркәсіптік өнімнің реттелетін сатып алуы51-бап. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқоры52-бап. Импортты реттеу53-бап. Өнеркәсіптік өнімді өндірушілер мен ішкі сауда субъектілерінің өзара іс-қимылы 4-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ1-параграф. Өнеркәсіпті дамытудың жүйелі шаралары54-бап. Еңбек өнімділігін арттыру55-бап. Оқыту және кадр әлеуетін арттыру56-бап. Өңдеу өнеркәсібін технологиялық дамыту57-бап. Өнеркәсіптегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру58-бап. Өңдеу өнеркәсібінің өнімін техникалық реттеу және стандарттау59-бап. Өнеркәсіпке инвестицияларды тарту60-бап. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету61-бап. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етудің өзге де тәсілдері 2-параграф. Өнеркәсіп салаларын дамыту62-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім63-бап. Көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім64-бап. Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім65-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің шеңберінде ынталандыру шараларын ұсыну66-бап. Көміртегі ізін төмендету жөніндегі шаралар 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |