Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы (2022.25.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Іс-қимыл жоспары) бекітілсін. 2. Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша): 1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша шаралар қабылдасын; 2) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есеп берсін. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есепті ұсынсын, сондай-ақ бірінші басшының қолын қойғызып, оны (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда) интернет-ресурста орналастырсын. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы жиынтық есеп пен жиынтық қорытындының жобасын берсін. 5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 маусымына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы жиынтық есеп пен жиынтық қорытынды берсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|