Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 29 маусымдағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 29 маусымдағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары: 1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін хабардар етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министрінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 145-ө өкімімен бекітілген
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 29 маусымдағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|