Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығы
(2025.28.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022.10.01. № 3 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | С. Омаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 19 наурыздағы
№ 100 бұйрығына
1-қосымша
Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің
тізбесі
Саяқ шегіртке тұқымдастар (тәлімі жер шегірткесі, кіші айқышты саяқ шегіртке, дала атшығы, Фишер саяқ шегірткесі, саяқ шегірткелер: атбасарлық, ақ жолақты, қанатсыз немесе жаяу, айқышты, сібірлік, далалық, қара қанатты, қара жолақты).
Қазақстан Республикасы