ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.28.11. № 87 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына 7-қосымша
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 47 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2018.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді және құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде - 5 (бес) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ уақыты - 15 минут; 3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініштер мен құжаттарды қабылдау күнінен кейінгі күнтізбелік күннен басталады. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|