Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 51-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-03-01/63 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасы
1. Осы Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына сәйкес әзірленді және аңшылық алқаптарды бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, аңшылық шаруашылықтарының шекаралары мен санаттарын белгілеу, алаңын есептеу, жануарлар дүниесімен олар мекендейтін ортаның жай-күйін айқындау тәртібін белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|