2021-2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 14 наурыздағы № 94 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерінің 24-тармағының 7) тармақшасына сәйкес және 2021-2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 11 наурыздағы № 2 хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. 2021-2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындылары және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) өткізген конкурс нәтижелері бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақылы негізде оқитын студенттерге; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақылы негізде оқитын магистранттарға берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша күшіне енген күннен бастап заңнамалық тәртіппен қаржыландыруды жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру туралы куәліктерді ресімдесін және оларды тиісті ЖЖОКБҰ-ға үш жұмыс күні ішінде тапсырсын. 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті осы бұйрықты тиісті ЖЖОКБҰ-ның назарына жеткізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|