Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2023.16.11. берілген өзгерістермен)
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. ҚР Жоғарғы Сотының 2019.31.05. № 2 нормативтік қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы соттардың қарау практикасы туралы» 1996 жылғы 25 шілдедегі № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 9, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен): 1) 5-тармақтағы «541-бабының 10) тармақшасы» деген сөздер «616-бабының 11) тармақшасы» деген сөздермен ауыстырылсын; 3. «Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралы» 1997 жылғы 18 шілдедегі № 9 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 8, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5; 2015 жылғы 10 сәуірдегі №2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен): 1) 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1091 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидалары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 4-тармақта: «535-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында» деген сөздер «610-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|