Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың есебін жүргізу қағидасын бекіту туралы
Осы редакция 2017 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың есебін жүргізуді жетілдіру мақсатында, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес, 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың есебін жүргізу қағидасы осы бұйрықтың қағидасына сәйкес бекітілсін. 2. «Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғаларды есепке алуды жүргізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 1 маусымдағы № 69 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7758 санымен тіркелген, 2012 жылғы 2 тамыздағы № 114 (2122) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (одан әрі - Комитет): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаментіне (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты) және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің назарына және жұмыста пайдалануына, Комитеттің аумақтық органдарының орындауына жіберсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|