Электр энергетикасы туралы (2016.21.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: ҚР 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 432-V ҚР Заңын қараңыз (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) Осы Заң электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) авариялық бронь - электрмен үздіксіз жабдықтау объектісіне берілуі ол үшін маңызды құрылғылардың жұмыс істеуін сақтайтын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлімін болғызбайтын ең төменгі қажетті электр қуаты; 2) авариялық бұзылыс - электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің олардың істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-1) әзірлік паспорты - энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-2) бірыңғай сатып алушы - осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды 2-3) генерациялайтын қондырғы - электр энергиясын өндіретін құрылғы; 3) және 4) тармақшалар 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 3) есептік тариф - инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған және тиісті топ үшін бекітілген шекті тарифтен асатын энергия өндіруші ұйым үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы; 4) жеке тариф - инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым үшін бекітілген, тиісті топ үшін бекітілген шекті тарифтен асатын, электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы; 5) жүйелік авария - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын жоғалтуға және оны бөліктерге бөлуге әкеп соққан электр энергетикасы объектілері жұмысы режимдерінің авариялық бұзылысы; 6) жүйелік қызметтер көрсету - жүйелік оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендіру, қуатты реттеу және резервтеу, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнінде көрсететін қызметтері; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) жүйелiк оператор - орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания; 8) жылу желілерінің күзет аймағы - жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері; 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды 8-1) жылумен жабдықтау жүйесі - жылу өндіретін, жылу беретін және жылу тұтынатын қондырғылардан тұратын кешен; 9) жылу энергиясын беру - жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымдардың жылу желілері бойынша жылу энергиясын тасымалдау жөнінде көрсететін қызметі; 10) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы - жылу энергиясын өндіруге, беруге және тұтынуға қатысушылардың шарттар негізінде жұмыс істейтін қатынастар жүйесі; 11) инвестициялық бағдарлама - жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама; 12), 13) және 14) тармақшалар 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 12) инвестициялық міндеттеме - жаңа активтерді құруды, қолда бар активтерді кеңейтуді, жаңартуды, қолдауды, реконструкциялауды және техникалық қайта жарақтандыруды көздейтін міндеттеме; 13) инвестициялық шарт - энергия өндіруші ұйым, уәкілетті орган және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган арасындағы инвестициялық бағдарламаны орындау туралы шарт; 14) келісім - уәкілетті орган мен электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым арасындағы инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы шарт; 15) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы; 15-1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - елді мекендердің шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желілік объектілер) және қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары деп белгіленген жылу электр орталықтарынан және қазандықтардан басқа, жылумен жабдықтау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды 15-2) күзгі-қысқы кезең - басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы; 16) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі - Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы; 17) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр қуатының резерві - шартта көзделген талаптарға сәйкес қажет етілетін құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге әзірлік дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты; 18) қосалқы көрсетілетін қызметтер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен электр қуатының қажетті мөлшерлері мен оралымды резервтері құрылымының дайындығын қамтамасыз ету, активті және реактивті қуатты реттеу үшін, энергия жүйесін тогы жоқ жағдайдан шығару бойынша сатып алатын қызметтер көрсету; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды 18-1) мемлекеттік техникалық инспектор - уәкілетті органның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды 18-2) нарық кеңесі - электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуін мониторингтеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым; 19) операциялық тәуліктер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының орындалуын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ағымдағы тәуліктер; 20) орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару - жүйелік оператор жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі сенімділігінің нормативтік деңгейін және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық жағынан келісілген жұмысын үздіксіз басқару процесі; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 20-1) орталықтандырылған сауда нарығының операторы - электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым; 21) өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері - өңірлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілері; 22) өңірлік электр желілік компания - өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйым; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды 22-1) пайдаланылатын отын қорының нормасы - тәулікпен есептегенде энергия өндіруші ұйымдар пайдаланатын ең аз отын қоры; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 22-2) тармақшамен толықтырылды 22-2) сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 23) теңгерімдеуші электр энергиясы - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесін іске асыру кезінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жою үшін пайдаланылатын электр энергиясы; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды 23-1) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф - электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын теңгерімдеуге тіркелген пайда ескерілетін, уәкілетті орган электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін жеті жылға тең мерзімге бекітетін, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өткізілетін электр энергиясына босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы; 24) техникалық диспетчерлендіру - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдерін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру жөнінде жүйелік оператор көрсететін қызмет; 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды 24-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым - қызметі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға және дамытуға бағытталған, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам; 25) тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға; 26) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды 26-1) ұлттық оператор - жүйелік оператор жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сатуды қоспағанда, электр энергиясының орталықтандырылған импорты мен экспортын, сондай-ақ осы Заңда көзделген функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға; 27) ұлттық электр желісі - шағын станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы, олар жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттармен ұлттық компанияға беріледі; 28) тармақша 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 28) шекті тариф - энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) бекітілген ең жоғары шамасы; 29) электр және жылу энергиясын коммерциялық есепке алу - электр және жылу энергиясын сатып алу-сату және беру шарттары бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті электр және жылу энергиясын есепке алу; 29-1) электр желілері - электр энергиясын беру мен таратуға арналған шағын станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығы; 30) электр желілерінің күзет аймағы - электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі; 31) электр қуатын реттеу - электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектісінің нақты электр жүктемесінің тәуліктік кестеде жоспарланып немесе жоспарланбай айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларының орнын толтыру жөнінде көрсетілетін қызмет; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 31-1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет - энергия өндіруші ұйымдардың белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша бірыңғай сатып алушыға көрсететін қызметі; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 31-2) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 31-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф - жұмыс істеп тұрған барлық энергия өндіруші ұйымдар үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифтің (бағаның) ең жоғары шамасы (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тарифті пайдаланады); 31-3) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 31-4) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 31-4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф - жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін, сондай-ақ пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылар салуға тендер жеңімпаздары үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тариф; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 31-5) - 31-) тармақшалармен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 31-5) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша бірыңғай сатып алушы көрсететін қызмет; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 31-6) электр қуатының нарығы - энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын жабдықты электр энергиясын өндіруге әзірлігі жағдайында ұстап тұруға, бұрыннан бар өндірістік активтерді жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ оларды құруға байланысты электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі; 31-7) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-8) тармақшамен толықтырылды 31-8) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы - электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушы арасында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасуға бағытталған процесс; 32) электр энергетикасы - электр және жылу энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну саласы; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 33) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы, ұлттық оператор; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 33-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 33-1) электр энергиясына арналған шекті тариф - электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын тіркелген пайда ескерілетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы; 34) электр энергиясына кепілдік беріп жеткізуші - тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы басқа да барлық ұйымдар энергиямен жабдықтауды тұтынушының кінәсінен емес тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 35) - 39) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 35) электр энергиясын беру - энергия берушi ұйымдардың электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес көрсететiн қызметi; 35-1) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі - өлшем құралдарының және электр энергиясын өлшеуге, жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және есепке алу деректерін беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің жиынтығы; 36) электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың тәулiктiк кестесi - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес күнтiзбелiк әрбiр тәулiкте электр энергиясын өндiру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтiн, жүйелiк оператор бекiткен құжат; 37) электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың теңгерiлiмiн ұйымдастыру - электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыру бойынша жүйелiк оператор көрсететiн қызмет; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 37-1) тармақшамен толықтырылды 37-1) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобы - мынадай өлшемшарттар: энергия өндіруші ұйымдардың типі, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отын орналастырылған жерден қашықтығы, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр энергиясын беруге техникалық сипаттағы шектеулер болмайтын бір бөлігінде орналасуы бойынша қалыптастырылған энергия өндіруші ұйымдар жиынтығы; 38) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы - электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектiлерi арасындағы шарттар (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған байланысты көрсетiлетiн қызметтер ұсыну) негiзiнде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс iстейтiн қарым-қатынастар жүйесi; 39) электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектiлерi - энергия өндiрушi, энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 40) электр энергиясының көтерме сауда нарығы - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу-сатуға, оның ішінде электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында сатып алу-сатуға, жүйелік және қосалқы қызметтер, электр қуаты нарығында қызметтер көрсетуге байланысты қатынастар жүйесі; 41) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы - осы Заңмен белгіленген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері электрондық сауда жүйесінде ерікті негізде жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелері; 42) тармақша 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 42) тармақша 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталады (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 42) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы - электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым; 43) электр энергиясының спот-сауда-саттығы (бұдан әрі - спот-сауда-саттық) - бір күн бұрын және операциялық тәуліктер ішінде режимдерінде қысқа мерзімдік негізде электр энергиясының сағат сайынғы көлемінде ұйымдастырылған сауда; 44) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы - ағымдағы операциялық тәуліктерде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің және (немесе) тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жүйелік оператордың табиғи және бұдан кейінгі қаржылық реттеуі нәтижесінде жүйелік оператор мен энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметті жүзеге асыратын көтерме тұтынушылар арасында қалыптасатын өзара қатынастар жүйесі; 45) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық режимі (бұдан әрі - имитациялық режим) - электр энергиясы теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырмастан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі; 46) электр энергиясының теңгерімсіздігі - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты шамасының электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік кестесіндегі жүйелік оператор бекіткен шамадан ауытқуы; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 47) энергетикалық сараптама - электр энергетикасы саласындағы жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, сондай-ақ олардағы технологиялық бұзушылықтарды және өндірістік жарақаттануды тергеп-тексеру кезінде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама; 48) энергия беруші ұйым - электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым; 49) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 50) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 50) энергия өндіруші ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым; 51) тармақша 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 51) энергия өндіруші ұйымдардың тобы - мынадай өлшемдер: энергия өндіруші ұйымдардың типтері, белгіленген қуат, пайдаланылатын отын түрі, отынның тұрған жерінен қашықтығы бойынша қалыптасқан энергия өндіруші ұйымдар. |