ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019.13.05. № 238 бұйрығымен әлеуметтік қызмет көрсету стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына 1-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 11 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.23.12. № 488 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Осы Стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі - стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, стационарлық үлгідегі ұйымдарға: 1) психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды (бұдан әрі - балалар); 2) тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар); 3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерді (бұдан әрі - он сегіз жастан асқан адамдар); 4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (бұдан әрі - мүгедектер); 5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарды (бұдан әрі - қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды. Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар болып аталады.
2-тарау. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|