Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-10 бұйрыққа 2-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидалары
1. Осы Медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 23-бабының 4, 10-тармақтарына және 239-бабының 3-тармағына (бұдан әрі - Кодекс), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленді және медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Медициналық бұйымдардың сараптамасын Кодекстің 239-бабының 2-тармағына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы (бұдан әрі - мемлекеттік сараптама ұйымы) өтініш берушімен жасалған медициналық бұйымға сараптама жүргізуге арналған шарт негізінде жүргізеді. Медициналық бұйымның сараптама құнын төлеу Кодекстің 239 бабының 2-тармағына сәйкес монополияға қарсы органның келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген прейскурантқа сай жүзеге асырылады. 3. Сараптамаға Қазақстан Республикасында өндірілген, сондай-ақ оның аумағына әкелінетін медициналық бұйымдар жатады. 4. Медициналық бұйымды сараптауға өтініш бергенге дейін өтініш беруші өз бастамасы бойынша мемлекеттік сараптама ұйымында медициналық бұйымға сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша шарттық негізде ақпараттық және консультациялық қызметтерді алады. 5. Қан қызметінде қолданылатын медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымы қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын бейінді ұйымдардан мамандарды тартады. 6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) медициналық бұйымдар - медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|