|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 102-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Сөз бен шығармашылық, ақпаратты алу жəне тарату бостандығы 3-бап. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасы 4-бап. Масс-медиа қызметінің негізгі мақсаттары, қағидаттары жəне міндеттері 5-бап. Масс-медианың таралу тілі 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің масс-медиа саласындағы құзыреті 7-бап. Уəкілетті органның құзыреті 9-бап. Масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеу 10-бап. Теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде балаларды қорғау 11-бап. Өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпарат 12-бап. Теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау 13-бап. Масс-медиадағы жарнама 14-бап. Масс-медиа өнімін тарату 2-тарау. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 15-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы 16-бап. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі 17-бап. Бұқаралық ақпарат құралының баспагері 18-бап. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы 22-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою немесе қайта есепке қою 24-бап. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі 25-бап. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюдан бас тартудың негіздері 3-тарау. ЖУРНАЛИСТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 26-бап. Журналистің құқықтары мен міндеттері 27-бап. Журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) кəсіби қызметінің құқықтық кепілдіктері 28-бап. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу 29-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын шет елдерде аккредиттеу 30-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметi 4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ 31-бап. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс 32-бап. Мемлекеттік ақпараттық саясат мəселелері жөніндегі комиссия 33-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар 34-бап. Авторлық туындылар мен хаттар 36-бап. Ресми хабарларға кірмейтін ақпаратты беру туралы сұрау салулар 38-бап. Теріске шығару немесе жауап беру құқығы 39-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уəкілетті тұлға (бөлімше) 40-бап. Масс-медиада балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мəселелері бойынша өтініштер 6-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 42-бап. Телерадио хабарларын тарату субъектілері 44-бап. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы 45-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары 46-бап. Теле-, радиобағдарламаларды жасаушы 47-бап. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мəселелері жөніндегі комиссия 48-бап. Телерадио хабарларын тарату желілері 49-бап. Телерадио хабарларын тарату қызметтеріне арналған тарифтер 50-бап. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық мүдделерін қорғау 52-бап. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру 53-бап. Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру 54-бап. Телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялау 55-бап. Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін радиожиілік спектрін пайдалану 56-бап. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарына қойылатын талаптар 57-бап. Қосымша ақпаратты тарату 58-бап. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялау 59-бап. Теле-, радиоарналарды көпшілікке көрсету үшін тарату 7-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ТҮРЛЕРІ 60-бап. Аналогтік эфирлік телерадио хабарларын тарату 61-бап. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату 62-бап. Спутниктік телерадио хабарларын тарату 63-бап. Кəбілдік телерадио хабарларын тарату 64-бап. Телекоммуникация желілерін пайдаланып телерадио хабарларын тарату 65-бап. Дара спутниктік қабылдау 66-бап. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі 8-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ 67-бап. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 68-бап. Шындыққа сай келмейтін мəліметтерді таратқаны үшін жауаптылықтан босатылатын жағдайлар 70-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі
Осы Заң масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, олардың құқықтық негіздерін белгілейді және сөз бен шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз етуге бағытталған.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) абонент - телерадио хабарларын тарату операторымен телерадио хабарларын тарату қызметтерін алуға шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға; 2) аккредиттеудің оңайлатылған тəртібі - аккредиттеу картасын беру арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын және олардың журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің автоматтандырылған процесі; 3) ақпараттық егемендік - ақпараттық күн тəртібін қалыптастыруда Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық-саяси дербестігін айқындайтын Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің тəуелсіздігі; 4) балалар теле-, радиобағдарламасы - 12 жасқа дейінгі балаларға арналған, осы жастағы топқа тəн сюжеті бар теле-, радиобағдарлама; 5) бас редактор (редактор) - бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын жəне бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығаруға жəне таратуға тиісті өкілеттіктері бар жеке тұлға; 6) бұқаралық ақпарат құралы - мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым; 7) бұқаралық ақпарат құралын таратушы - бұқаралық ақпарат құралының өнімін оның меншік иесімен, баспагермен арадағы шарт бойынша немесе өзге де заңды негіздерде таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 8) бұқаралық ақпарат құралының өнімі - мерзімді баспасөз басылымының немесе аудиовизуалды туындының жекелеген нөмірінің таралымы немесе таралымының бір бөлігі, теле-, радиобағдарламаның жекелеген шығарылымы, сондай-ақ интернет-басылымда орналастырылған ақпарат; 9) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы - бұқаралық ақпарат құралының материалдарын жинауды, əзірлеуді, шығаруды жəне таратуды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын шығармашылық ұжым; 10) білім беру теле-, радиобағдарламасы - мазмұны телекөрерменді немесе радиотыңдаушыны ғылымның, мəдениеттің, өндірістің, өнердің жəне əлеуметтік өмірдің қандай да бір саласындағы нақты білім жүйесінде оқытуға бағытталған, адамдардың көпшілік тобына арналған теле-, радиобағдарлама; 1-баптың 11) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 11) бірыңғай медиаплатформа - мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға арналған ақпараттық жүйе; 12) дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушы - телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы бар жəне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері бар телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды, телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты тарататын жеке немесе заңды тұлға; 13) дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғысы - теле-, радиосигналды жеке-дара қабылдауға арналған жабдық; 14) дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуі - абонентке көру тілін таңдауға мүмкіндік беретін, телебағдарламада екі жəне одан да көп дыбыстық сүйемелдеудің берілуі; 15) еркін қолжетімді теле-, радиоарна - көру құқығы үшін ақы алынбай адамдардың шектеусіз тобына цифрлық эфирлік жəне спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы таратылатын теле-, радиоарна; 16) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) - бұқаралық ақпарат құралының редакциясымен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдарды жинау, өңдеу жəне əзірлеу қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға; 17) журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) аккредиттеу - журналисті тағайындау рəсімі жəне оның өкілеттігін мемлекеттік органның жəне (немесе) ұйымның тануы; 18) журналистің ерекше мəртебесі - журналистің құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, ақпаратты іздеу, сұрату, алу жəне тарату кезінде кеңейтілген құқықтарды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де ерекше құқықтарды көздейтін журналист мəртебесі; 19) көпарналы хабар тарату - теле-, радиоарналар топтамаларын таратуға арналған телекоммуникациялық жүйе; 20) масс-медиа - бұқаралық ақпарат құралы жəне интернет-ресурс; 21) масс-медиа мониторингі - масс-медиа өнімін жинау жəне оны Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы тұрғысынан, сондай-ақ қоғамның адамгершілік тұрғыдан дамуына зиян келтіруі жəне жалпыадамзаттық, ұлттық, мəдени жəне отбасылық құндылықтарды бұзуы тұрғысынан талдау процесі; 22) масс-медиа өнімі - бұқаралық ақпарат құралының өнімі, сондай-ақ интернет-ресурста орналастырылған ақпарат; 23) масс-медиа өнімін тарату - мерзімді баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткізу, үлестіру), теле-, радиобағдарламаларды, аудиовизуалды туындыны эфирге шығару, телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып жəне телекоммуникация желілерінде теле-, радиобағдарламаларды тұтынушыға дейін жеткізу, сондай-ақ ақпаратты интернет-басылымдарда немесе интернет-ресурстарда орналастыру; 24) масс-медиа саласындағы уəкілетті орган (бұдан əрі - уəкілетті орган) - масс-медиа саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 25) мемлекеттік ақпараттық саясат - мақсаттары ақпараттық егемендікті нығайту жəне қорғау болып табылатын, мемлекет пен қоғам мүдделерін қанағаттандыратын ақпаратты жасауға жəне таратуға бағытталған мемлекеттік шаралар кешені; 26) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралы - жарғылық капиталында мемлекетке тиесілі елу пайыздан астам дауыс беретін акциялары, жарғылық капиталына қатысу үлестері, пайлары бар бұқаралық ақпарат құралы; 27) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралы - жарғылық капиталында мемлекетке тиесілі елу пайыздан кем дауыс беретін акциялары, жарғылық капиталына қатысу үлестері, пайлары бар бұқаралық ақпарат құралы; 28) мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар жəне үш айда кемінде бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшалары; 29) міндетті теле-, радиоарна - цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желілерін жəне телекоммуникация желілерінде телерадио хабарларын таратуды қоспағанда, уəкілетті орган бекіткен тиісті тізбеге кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылуға міндетті теле-, радиоарна; 30) отандық теле-, радиоарна - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген телерадиокомпаниялар құрған теле-, радиоарна; 31) отандық теле-, радиобағдарламалар - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жəне өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жəне одан тысқары жерлерде жүзеге асыратын телерадиокомпаниялар немесе жеке жəне заңды тұлғалар жасаған теле-, радиобағдарламалар; 32) өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс - өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетуге арналған тапсырыс; 33) порнографиялық жəне арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы кино, бейнеөнім - моральдық құндылықтарға сəйкес келмейтін, адамның ар-ожданы мен қадір-қасиетін қорлайтын жыныстық қатынастың натуралды түрде, егжей-тегжейлі тіркелуі не жыныстық əуестіктің қозуына немесе жыныстық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ықпал ететін жыныстық қатынас процесіндегі жалаңаш гениталийлерді көрсету; 34) ресми хабар - «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес белгіленген ақпарат иеленуші масс-медиа арқылы беретін жəне (немесе) тарататын ақпарат; 1-баптың 35) тармақшасының күші 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 70-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылды 35) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс - мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетуге арналған тапсырыс; 36) ретрансляция - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып жəне телекоммуникация желілерінде теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды қабылдау жəне бір мезгілде не жазып алып тарату; 37) спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялау - телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің тұрғындарын отандық спутниктік құрылғылар қызметтерін пайдалануға ынталандыру мақсатында, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін өтеуге бағытталған, бюджеттен төленетін қайтарымсыз төлемдер; 38) субтитрлер - телебағдарламада қамтылған ақпаратты телебағдарлама түпнұсқасының дыбыстық сүйемелденуін мəтінмен қайталау арқылы тарату тəсілі; 39) телевизиялық абоненттік жалғама - абоненттің цифрлық телевизиялық сигналды қабылдауына арналған жеке техникалық құрал; 40) теле-, радиоарна - кейіннен трансляциялау жəне (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату кестесіне сəйкес қалыптастырылған теле-, радиобағдарламалар мен аудиовизуалды туындылардың, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы; 41) теле-, радиоарналар топтамасы - телекоммуникация желілерінде көпарналы хабар тарату арқылы тарату үшін телерадио хабарларын тарату операторы қалыптастырған теле-, радиоарналар жиынтығы; 42) теле-, радиобағдарлама - тиісті атауы, хабар тарату көлемі бар жəне теле-, радиоарнаның басқа бөліктеріне қарамастан пайдаланылуы мүмкін теле-, радиоарнаның мазмұны жағынан аяқталған бөлігі; 43) телерадиокомпания - теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куəлік алған, теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға немесе оның филиалы (өкілдігі); 44) телерадио хабарларын тарату - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып жəне телекоммуникациялар желілерінде теле-, радиоарналарды ашық немесе кодталған түрде абоненттің жария қабылдауы үшін қалыптастыру жəне (немесе) тарату; 45) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары - теле-, радиоарналар мен теле-, радиобағдарламалар жасауды, қалыптастыруды, таратуды жəне (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар мен қабылдайтын-беретін техникалық құрылғылар жиынтығы; 46) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі - мемлекет меншігіндегі, Қазақстан Республикасының аумағында теле,- радиосигналдарды таратуды қамтамасыз ететін телекоммуникациялардың техникалық құралдарының жəне телерадио хабарларын таратудың жүйесі; 47) телерадио хабарларын тарату қызметі - теле-, радиобағдарламаларды қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, абонентке дейін жеткізу; 48) телерадио хабарларын тарату операторы - теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия алған жеке немесе заңды тұлға; 49) трансляция - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып жəне телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату; 50) тілшілер қосыны - бұқаралық ақпарат құралы редакциясының функцияларын жəне осы бұқаралық ақпарат құралы үшін ақпараттық хабарлар жəне (немесе) материалдар жинауды, сақтауды, жасауды (əзірлеуді), сондай-ақ оның өнімін таратуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның оқшауланған құрылымдық бөлімшесі; 51) хабар тарату кестесі - хабар таратудың бағдарламалық тұжырымдамасының нақты кезеңдегі негізгі бағыттарын көрсететін теле-, радиобағдарламалардың тізбесі, реттілігі, атауы, эфирге шығу уақыты; 52) цензура - масс-медианың хабарлары мен материалдарын мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен жəне өзге де ұйымдармен олардың талап етуі бойынша немесе өзге де негіздер бойынша хабарлар мен материалдарды не олардың жекелеген бөліктерін таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатында алдын ала келісуі; 53) шартты қолжетімді карта - дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғыларының сəйкестендіргішін қамтитын, абоненттің телерадио хабарларын тарату операторының қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ететін құрылғы; 54) шартты қолжетімді теле-, радиоарна - көру құқығы өтеулі шарт негізінде қамтамасыз етілетін, телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың шектеусіз тобына тарататын теле-, радиоарна; 55) эротикалық сипаттағы өнім - гениталийлерді қоспағанда, адамдардың сексуалдық қатынастарын, адам денесінің ұятты тұстарын көрсететін жəне порнография элементтерін қамтымайтын баспасөз басылымы; 56) эфирге шығу - аналогтік жəне цифрлық электромагнитті жүйелерді пайдалана отырып, теле-, радиобағдарламаларды, аудиовизуалды жазбаларды трансляциялау.
2-бап. Сөз бен шығармашылық, ақпаратты алу жəне тарату бостандығы 1. Сөз бен шығармашылық бостандығына Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік береді. Цензураға тыйым салынады. 2. Əркімнің заңмен тыйым салынбаған кез келген тəсілмен ақпаратты еркін алуға жəне таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мəліметтер тізбесі заңда айқындалады. 3. Масс-медиа терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жəрдемдесуге міндетті. 4. Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді жария етуге, экстремизмді немесе терроризмді насихаттауға жəне ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық тəсілдері мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды, сондай-ақ қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды жəне порнографияны насихаттауға тыйым салынады. 5. Масс-медианы қылмыстық жəне əкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында пайдалануға тыйым салынады. Ескертпе. Осы Заңның мақсаттары үшін масс-медиада насихаттау деп Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпарат туралы қоғамдық оң пікірді қалыптастыру жəне (немесе) шектеусіз адамдар тобын құқыққа қайшы əрекет жасауға немесе əрекетсіздікке итермелеу үшін көзқарастарды, фактілерді, дəлелдерді жəне өзге де, оның ішінде əдейі бұрмаланған ақпаратты тарату түсініледі.
3-бап. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың осы Заңның алдында басымдығы болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. 3. Ақпаратты онлайн-платформаларда орналастыру, тарату жөніндегі қатынастарды реттеу ерекшеліктері «Онлайн-платформалар жəне онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. 4. Осы Заңда республикалық жəне өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бөлігінде реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
4-бап. Масс-медиа қызметінің негізгі мақсаттары, қағидаттары жəне міндеттері 1. Сөз бен шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамды ақпараттандыру масс-медиа қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. 2. Масс-медиа қызметінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: 1) таратылатын ақпараттың заңдылығы мен анықтығы; 2) объективтілік жəне ашықтық; 3) жеке жəне заңды тұлғалар құқықтарының теңдігі; 5) жеке өмірге қол сұғылмаушылық; 6) кəсіби жəне əдептік мінез-құлық нормаларын сақтау. 3. Масс-медиа қызметінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) объективті жəне анық ақпаратты əзірлеу жəне тарату; 2) тұлғаны, қоғамды жəне мемлекетті дамытуға бағытталған сапалы отандық контентті жасау; 3) масс-медиа саласында жаңа технологияларды енгізуге жəрдемдесу;
5-бап. Масс-медианың таралу тілі 1. Мемлекеттік тіл жəне басқа да тілдер масс-медианың таралу тілі болып табылады. 2. Мемлекет Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сəйкес масс-медианы алу жəне оны тарату кезінде əркімнің ана тілін пайдалану құқығын қамтамасыз етеді. 3. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тілде хабар тарататын отандық теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемі уақыты жағынан: 1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің елу бес пайызынан кем болмауға; 2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің алпыс пайызынан кем болмауға тиіс. Мемлекеттік тілдегі теле-, радио бағдарламалардың жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, əрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығындағы көлемі: 1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің елу бес пайызынан кем болмауға; 2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің алпыс пайызынан кем болмауға тиіс. Осы тармақтың талабы халықаралық келісімдер негізінде хабар тарататын телеарналарға қолданылмайды. 4. Дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуін пайдаланатын телеарналар негізгі дыбыстық сүйемелдеуді мемлекеттік тілде пайдалануға тиіс. 5. Осы баптың талаптары осы Заңның 24-бабына сəйкес есепке қою рəсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарға қолданылмайды. 6. Отандық теле-, радиоарналардың шетелдік аудиторияға трансляциясы мемлекеттік тілде жəне басқада тілдерде жүзеге асырылады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің масс-медиа саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) масс-медиа саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын əзірлейді жəне олардың іске асырылуын ұйымдастырады; 2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
7-бап. Уəкілетті органның құзыреті Уəкілетті орган: 1) масс-медиа саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады жəне іске асырады; 2) осы Заңға сəйкес масс-медиа саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді; 3) осы Заңға сəйкес бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асырады; 4) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады жəне оның жүзеге асырылуын бақылайды; 7-баптың 5) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 5) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен гранттар береді; 6) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының, телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің жəне телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 7) Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде нұсқамалар береді; 8) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес келу тұрғысынан сараптауды жүзеге асырады;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Сөз бен шығармашылық, ақпаратты алу жəне тарату бостандығы3-бап. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасы4-бап. Масс-медиа қызметінің негізгі мақсаттары, қағидаттары жəне міндеттері5-бап. Масс-медианың таралу тілі6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің масс-медиа саласындағы құзыреті7-бап. Уəкілетті органның құзыреті8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді жəне атқарушы органдарының құзыреті9-бап. Масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеу10-бап. Теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде балаларды қорғау11-бап. Өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпарат12-бап. Теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау13-бап. Масс-медиадағы жарнама14-бап. Масс-медиа өнімін тарату 2-тарау. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ15-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы16-бап. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі17-бап. Бұқаралық ақпарат құралының баспагері18-бап. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы19-бап. Интернет-басылым20-бап. Шығарылым деректерi21-бап. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті даналары жəне теле-, радиобағдарламалардың материалдарын сақтау22-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою немесе қайта есепке қою23-бап. Масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру, тоқтату тəртібі24-бап. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі25-бап. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюдан бас тартудың негіздері 3-тарау. ЖУРНАЛИСТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ26-бап. Журналистің құқықтары мен міндеттері27-бап. Журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) кəсіби қызметінің құқықтық кепілдіктері28-бап. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу29-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын шет елдерде аккредиттеу30-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметi 4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ31-бап. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс32-бап. Мемлекеттік ақпараттық саясат мəселелері жөніндегі комиссия33-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар 5-тарау. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ АЗАМАТТАРМЕН ЖƏНЕ ҰЙЫМДАРМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ МƏСЕЛЕЛЕРІ34-бап. Авторлық туындылар мен хаттар35-бап. Ресми хабарлар36-бап. Ресми хабарларға кірмейтін ақпаратты беру туралы сұрау салулар37-бап. Міндетті хабарлар38-бап. Теріске шығару немесе жауап беру құқығы39-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уəкілетті тұлға (бөлімше)40-бап. Масс-медиада балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мəселелері бойынша өтініштер41-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мəселелері жөніндегі қоғамдық-кəсіптік кеңестер 6-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ42-бап. Телерадио хабарларын тарату субъектілері43-бап. Телерадиокомпания44-бап. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы45-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары46-бап. Теле-, радиобағдарламаларды жасаушы47-бап. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мəселелері жөніндегі комиссия48-бап. Телерадио хабарларын тарату желілері49-бап. Телерадио хабарларын тарату қызметтеріне арналған тарифтер50-бап. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық мүдделерін қорғау51-бап. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялау тəртібі52-бап. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру53-бап. Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру54-бап. Телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялау55-бап. Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін радиожиілік спектрін пайдалану56-бап. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарына қойылатын талаптар57-бап. Қосымша ақпаратты тарату58-бап. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялау59-бап. Теле-, радиоарналарды көпшілікке көрсету үшін тарату 7-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ТҮРЛЕРІ60-бап. Аналогтік эфирлік телерадио хабарларын тарату61-бап. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату62-бап. Спутниктік телерадио хабарларын тарату63-бап. Кəбілдік телерадио хабарларын тарату64-бап. Телекоммуникация желілерін пайдаланып телерадио хабарларын тарату65-бап. Дара спутниктік қабылдау66-бап. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі 8-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ67-бап. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық68-бап. Шындыққа сай келмейтін мəліметтерді таратқаны үшін жауаптылықтан босатылатын жағдайлар 9-тарау. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |