«Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 сәуірде № 7586 тіркелген, (Егемен Қазақстан газетінде 2012 жылы 12 мамырда жарияланған) «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін. Осы бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы қағидасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Цифрлық даму министрлігі инновация және аэроғарыш өнеркәсібі Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 432 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|